Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS пәндік рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткіздіFarabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS пәндік рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді

1 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS пәндік рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық QS World University Rankings by Subject пәндік рейтингінде «Мұнай инженериясы» (Petroleum Engineering) бағыты бойынша әлемнің үздік университеттері қатарынан орын алып, 101–150 аралығына енді.

Бұл нәтиже университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетінің, білім беру сапасының және мұнай-газ саласындағы кадрлар даярлаудың жоғары деңгейде екенін көрсетеді. QS рейтингісі әлемдегі ең беделді университеттік рейтингтердің бірі болып табылады және ол академиялық бедел, жұмыс берушілер пікірі, ғылыми жарияланымдар мен дәйексөздер көрсеткіштері негізінде қалыптастырылады .

Аталған жетістік университеттің халықаралық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтып, Қазақстанның жоғары білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш мұнай-газ инженериясы саласында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалардың тиімділігін дәлелдейді.

Университет алдағы уақытта да ғылыми зерттеулерді дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлемдік деңгейдегі мамандар даярлау бағытында жұмысын жалғастырады.

 

 

 Физикалық химия, катализ және мұнайхимия  кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.А. Аубакиров