- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кәсіптік бағдар беру: №99 жалпы білім беретін мектеппен меморандумға қол қойылды
Кәсіптік бағдар беру: №99 жалпы білім беретін мектеппен меморандумға қол қойылды
6 сәуір 2026
Талапкерлерді өз білім беру бағдарламаларына тарту мақсатында, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың барлық факультеттері, соның ішінде Заң факультеті де, белсенді кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Насырұлы Алихан Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан №99 жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары үшін бейіндік бағдарлау бойынша дәрістер оқыды.
Мектеп директоры Ембергенова Сания Джумагалиевна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен арадағы өзара меморандумға қол қойды.