- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаппай қырып-жою қаруын таратпауды енгізу» атты тренинг-курсына қабылдау басталды
«Жаппай қырып-жою қаруын таратпауды енгізу» атты тренинг-курсына қабылдау басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, Монтерей халықаралық зерттеулер институты жанындағы Дж. Мартин атындағы таратпау мәселелерін зерттеу орталығы (АҚШ) жне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу орталығы төрт апталық «Жаппай қырып-жоюқаруын таратпауды енгізу» атты тренинг-курсына қабылдау жариялайды. Курс «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Саясаттану» жне «Ядролық физика» мамандықтарының магистранттарына, докторанттарына жне жас ғалымдарына арналған. Тренингке қызығушылық танытқан басқа мамандықтардың магистранттары, докторанттары жне жас зерттеушілері де қатыса алады.
Тренинг шеңберінде тыңдаушылар жаппай қырып-жою қаруын (ядролық, химиялық жне биологиялық) жне оны жеткiзу құралдарын таратпаудың тарихи, халықаралық құқықтық, саяси жне техникалық қырларымен, соның ішінде халықаралық таратпау жне экспорттық бақылау режимдерімен, танысады. Сонымен қатар, курс таратпау саласындағы қазіргі заманғы жаһандық жне аймақтық сипаттағы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулердің бетін ашады, соның ішінде ядролық қауіпсіздік, Иранның жне Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары, жаппай қырып жою қаруын қолданатын лаңкестік сияқты мәселелер.
Қатысуға өтініш қабылдау 2013 жылдың сәуірдің 20-на дейін жалғасады. Орын шектеулі болғандықтан ұйымдастырушылар қатысушыларды іріктеу құқың пайдалануы мүмкін.
Курс 2013 жылдың сәуірдің 22-де халықаралық қатынастар факультетінде орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу орталығында басталады. Курска қатысу жөніндегі толтырылған өтініш пен резюмені төмендегі адрестарға жіберу қажет: Albina.Salimbaeva@kaznu.kz жне daben@miis.edu.
Ұйымдастырушылар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультеті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жанындағы БҰҰ-ға жәрдемдесу орталығы
(Альбина Слімбаева)
Монтерей халықаралық зерттеулер институты жанындағы Дж. Мартин атындағы таратпау мәселелерін зерттеу орталығы (АҚШ)
(Дурен Әбен)
Басқа жаңалықтар