Дискуссионный круглый стол с участием магистрантов КазНУ и молодых исследователей МГИМО 13 ноября 2025 годаFarabi University

91ý

Дискуссионный круглый стол с участием магистрантов КазНУ и молодых исследователей МГИМО 13 ноября 2025 года

26 Қан, 2026
Дискуссионный круглый стол с участием магистрантов КазНУ и молодых исследователей МГИМО  13 ноября 2025 года

1. ҚазҰУ магистранттары мен МГИМО жас зерттеушілерінің дөңгелек үстелі

13 қараша 2025 жыл

Факультетте «Халықаралық қатынастар» және «Өңіртану» мамандықтарының магистранттары және МГИМО зерттеу тобының мүшелері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Кездесу С.М. Маркедоновтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

МГИМО тарапынан қатысушылар:

• Матвей Царёв;

• аспирант Назар Курбанов;

• магистрант һәм МГИМО студенттерінің ғылыми қоғамы төрағасы Никита Тихонов.

Талқылаудың негізгі бағыттары:

• ЕАЭО шеңберіндегі қоғамдық диалогты кеңейту;

• Еуразиялық интеграцияның жаңа тенденциялары;

• BRICS+ форматының институционалдық дамуы және оның жаһандық энергия нарығына әсері;

• Қазақстанның BRICS+ аясындағы мүмкіндіктері мен тәуекелдері;

• көпвекторлы сыртқы саясаттың жаңа контекстегі теңгерімділігі.

Кездесу жас зерттеушілер арасындағы нәтижелі ғылыми диалогтың үлгісі болып, болашақта бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін ашты.