Python Start: от нуля до первой программы
Python Start: нөлден алғашқы программаға дейін
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде студенттердің программалау саласындағы алғашқы қадамдарын қолдау және олардың цифрлық құзыреттерін дамыту мақсатында “Python Start: нөлден алғашқы программаға дейін” атты оқу курсы ұйымдастырылуда.
Аталған курс программалау негіздерін меңгергісі келетін 1 курс студенттеріне арналған. Курс барысында қатысушылар Python программалау тілінің базалық синтаксисін меңгеріп, алгоритмдер, операторлар және функциялар арқылы әртүрлі программалық тапсырмаларды шешуді үйренеді. Сонымен қатар студенттер программалау логикасын қалыптастырып, практикалық тапсырмалар мен шағын жобалар орындау арқылы өз білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады.
Оқу бағдарламасы бірнеше негізгі модульдерді қамтиды. Алғашқы модульде Python тілінің негіздері және файлдармен жұмыс істеу қарастырылады. Екінші модульде модульдер, кортеждер мен сөздіктер сияқты маңызды деректер құрылымдары таныстырылады. Ал үшінші модульде объектіге бағытталған программалау (ООП) қағидалары мен графикалық пайдаланушы интерфейсін құру негіздері оқытылады.
Курсқа қатысу үшін арнайы программалау білімі талап етілмейді. Студенттерден тек компьютермен жұмыс істеудің базалық дағдылары жеткілікті.
Сабақтарды магистр, оқытушы Қажыбек Айгерім Маратқызы жүргізеді.
Курс келесі күндері өтеді: 5 наурыз, 19 наурыз, 2 сәуір, 16 сәуір және 30 сәуір 2026 жыл. Сабақтардың басталу уақыты – 10:00.
Өтетін орны:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті,
71/23 ғимарат, 233 аудитория.
Другие новости