ORHUN бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық — КазНУ

91ý

ORHUN бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық

9 апреля 2026
ORHUN бағдарламасы аясындағы академиялық ұтқырлық

ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы – түркі мемлекеттері ара­сындағы жоғары білім беру кеңістігін ин­теграциялауға, ғылы­ми-білім беру саласын­да­ғы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға бағытталған стратегиялық маңызы зор халықаралық бастама.

Бағдарламаның негізгі мақ­саты – студенттердің ака­де­мия­лық тәжірибе алмасуын қам­тамасыз ету, олардың кә­сіби құзыреттілігін арттыру, сон­дай-ақ ортақ тарихи-мә­дени мұраны терең әрі кешенді зер­делеуіне жағдай жасау.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің 4-курс сту­денті Дарын Жахангер ORHUN академиялық бағдарламасы ая­­сында Түркия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Измир қаласында ор­на­ласқан Ege университетінде бір семестрлік оқуын сәтті аяқ­тады. Студенттің ғылыми-ака­де­миялық бағыты тарих ма­ман­дығы болғандықтан, Түр­­кия Рес­публикасындағы оқу үде­рі­сі оның кәсіби даяр­лы­ғын те­рең­детуге және теориялық бі­лімін тәжірибелік тұрғыдан то­лықтыруға елеулі ықпал етті.
Тарих мамандығы бойынша білім алушы үшін Түркия тек ғылыми орта ғана емес, со­ны­мен қатар тарихи жады мен мәдени сабақтастықтың нақты кеңістігі болып саналады. Ар­хив­тік материалдармен жұмыс істеу мүмкіндігі, тарихи ес­керт­кіштер мен мәдени ны­сан­дарды тікелей тану тәжірибесі бі­лім мазмұнын эмпирикалық дең­гейде бекітуге жағдай жа­са­ды. Бұл өз кезегінде сту­дент­тің дербес зерттеу жүргізу дағдыларын жетілдіріп, сыни талдау қабілетін қалып­тас­тыруға ықпал етті.
ORHUN бағдарламасы сту­дент­тің академиялық білімін тереңдетумен қатар, оның мә­дениетаралық комму­ника­ция дағдыларын, тарихи санасын және зерттеушілік әлеуетін да­мытуға да бағытталған. Түр­киядағы білім алу үдерісі ба­ры­сында студент көпмәдениетті ортада білім алып, салыс­тыр­малы тарихи ойлау жүйесін қалыптастырып, түркі әлемінің ортақ өркениеттік негіздерін кешенді тұрғыдан зерделеу мүмкіндігіне ие болды.
Қорытындылай келе, ORHUN академиялық ұтқырлық бағ­дар­ламасы студенттердің кәсі­би және тұлғалық дамуына елеу­лі үлес қосатын тиімді бі­лім беру алаңы саналады. Бұл бағдарлама алдағы уақытта да екі ел арасындағы ғылыми-білім беру байланысын нығайта түсетіні сөзсіз.

Гүлзинат ИСАБЕКҚЫЗЫ,
Қазақстан тарихы кафедрасының 
аға оқытушысы