Студент бюджетін басқару негіздері — КазНУ

91ý

Студент бюджетін басқару негіздері

17 апреля 2026
Студент бюджетін басқару негіздері

Казакбаева Алзира : Студент бюджетін басқару – бұл табыс пен шығынды тиімді жоспарлау және бақылау процесі. Оның негізгі мақсаты – қаржыны дұрыс пайдаланып, артық шығындардың алдын алу және қаржылық тәртіпті қалыптастыру. Куратор ретінде студенттерге қаржылық сауаттылықты ерте кезеңнен қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтемін. Дұрыс ұйымдастырылған бюджет студенттің тек қазіргі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, болашақта жауапты әрі саналы қаржылық шешімдер қабылдауына негіз болады.

Студент бюджетін басқарудың негізгі қағидалары:

  • Табыс көздерін анықтау (стипендия, ата-ананың көмегі, қосымша жұмыс);
  • Шығындарды жоспарлау (тамақ, жолақы, оқу құралдары, жеке қажеттіліктер);
  • Қажетті және қажетсіз шығындарды ажырату;
  • Үнемдеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Қаражатты белгілі бір мақсатқа жинақтау.

Дұрыс бюджет басқару студентке қаржылық тұрақтылықты сақтауға және болашақта қаржылық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

 

Топ эдвайзері                                                                         Казакбаева А.Ш.