Тіл мерекесіне орай жүздесу өтті — КазНУ

91ý

Тіл мерекесіне орай жүздесу өтті

20 сентября 2011
Тіл мерекесіне орай жүздесу өтті

Философия және саясаттану факультетінде 19 қыркүйек күні ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерейтойына, «Мемлекеттік тілдер мерекесіне» орай университетіміздегі мерекелік апталық аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен қазақ эстрадасының жарық жұлдызы «МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілмен кездесу өтті. Кездесу барысында мәдениеттің маңызды саласы өнер тарланын мемлекеттік мәні зор мерекені насихаттау мақсатында студенттермен қызықты сұхбат болды. Жүздесу сәтінде Кенжебек студенттердің сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта да осындай игі бастамаларға әрқашан қуана қатысатынын да айтты.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы