ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! — КазНУ

91ý

ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

8 июля 2022
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

студенттері, магистрант, докторанттары!

СіздеріҚұрбанАйт мерекесіменшын жүректен құттықтаймын!

Бұл қасиетті мереке адамзатты бірлік пенынтымаққа, ізгілік пен қайырымдылыққа үндейді.

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев Қазақстан халқына арналған құттықтауында: “Құрбан айт мейрамы елімізде рухани құндылықтарды берік орнықтырып, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау жолында ерекше рөл атқарады.Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі”, — деп атап өтті.

Ежелден иман мен дәстүрді ұйыстырып, ұлттық құндылықтарды ерекше дәріптеген халқымыздыңізгі амалдары қабыл болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ