Городской методический семинар — КазНУ

91ý

Городской методический семинар

30 января 2012
Городской методический семинар

13 қазан 2011 ж.

"Қазақ тілінің типтік бағдарламасындағы инновациялық бағыт" атты қалалық әдістемелік семинар өтті.

Қазан айының 13 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақ тілінің типтік бағдарламасындағы инновациялық бағыт" атты семинар өтті. Семинарға филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің оқытушылары мен Халықаралық бизнес академиясы тілдер кафедрасының ұжымы қатысты

Семинардың мақсаты – Қазақ тілінің типтік бағдарламасының бағыт-бағдары, бағдарламаның жүйесі, қолданылуы жайлы талдау жасау және тіл үйретудегі инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы ой бөлісу болды.

Семинар бағдарламасы бойынша ф.ғ.д., профессор А.Салқынбай, ф.ғ.к. Г.Өтемісова, ф.ғ.к., доцент Н.Егізбаева, ф.ғ.к., доцент С.Иманқұлова, ф.ғ.к., доцент Қ.Қарабаева типтік бағдарламаның инновациялық бағыты жайында ой-пікірлерін ортаға салды.

Семинар өте мәнді де жоғары деңгейде өтті. Тыңдаушылар қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді.