4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні — КазНУ

91ý

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

4 июня 2023
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Құрметті Әл-Фараби атындағы

Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары,

білім алушы жастары!

Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздігіміздің басты нышаны – Елтаңба, Ту, Әнұранымыз әрбір Қазақстан азаматы ерекше мақтан тұтатын ұлттық құндылығымыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында:

«Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады.Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы», – деп атап өтті.

Мемлекеттік рәміздер қазақстандықтарды біріктіруде, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.

Елтаңбамызды төрімізге іліп, Туымызды биікте желбіретіп, Әнұранымызды жүрекпен айту – бабалар арманының орындалғанының айқын көрінісі.

Тәуелсіздігіміздің қасиетті тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз жаңа, әділетті Қазақстан құру жолында біртұтас халық ретінде мемлекеттігімізді нығайтуға үндейді.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, елдігімізбаянды болсын!

Шаңырақтарыңызғақұт-береке, еңбектеріңізге табыс, жақындарыңызға амандық тілеймін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ