Научный семинар «Ортологические основы культуры речи». — КазНУ

91ý

Научный семинар «Ортологические основы культуры речи».

8 апреля 2014
Научный семинар «Ортологические основы культуры речи».

2014 жылдың 3 сәуірі, сағат 11.00-де филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 331 аудиториясында белгілі ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Уәли Нұргелді «Сөз мәдениетінің ортологиялық негіздері» тақырыбында республикалық ғылыми семинар өткізді. Семинарда қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттар, тіл үйретуде когнитологиялық бағытты ұстанудың тиімділігі жайлы сөз болды. «Сөз мәдениеті және тілдік қарым-қатынас» пәнінің мақсаты туралы талданды. Ғалым мәдени лексика арқылы тілді меңгерту, жастардың сөз мәдениетін қалыптастыру жайлы кеңестерін айтты.