ҚазҰУ-да шетелдік профессорлармен кездесу өтті — КазНУ

91ý

ҚазҰУ-да шетелдік профессорлармен кездесу өтті

14 апреля 2015
ҚазҰУ-да шетелдік профессорлармен кездесу өтті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне басқа ұйымдардан қаржыландыру көзі бойынша жобаларды тарту бағдарламасының аясында Макс Планк әлеуметтік антропология институты (Германия) және Цюрих университетінің профессорларының қатысуымен DACH жобасының презентациясы өткізілді.

Оған Макс Планк әлеуметтік антропология институтының профессоры Гюнтер Шлее, Цюрих университетінің профессоры Питер Финке, Мартин Лютер университетінің PhD докторы Вольфганг Холзвард, Макс Планк әлеуметтік антропология институтының PhD докторанттары Индира Алибаева, Динара Абильдинова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің профессорлары, докторанттары қатысты.