3D басып шығару озық технологиясы — КазНУ

91ý

3D басып шығару озық технологиясы

8 апреля 2024
3D басып шығару озық технологиясы

Оқу ордасына Bambu Lab (A1 mini) және Anycubic (Photon Mono 2) фирмаларының жаңа 3D басып шығару құрылғылары сатып алынды. 

 

Мамандардың айтуынша, Bambu Lab 3D принтерлерінің негізгі ерекшеліктері дәстүрлі FDM-принтерлеріне қарағанда жылдамырақ басып шығарады. Бір сеанста 16 материалға де­йін басып шығару мүмкіндігі бар және автоматты түрде ма­те­риал беру жүйесін пайда­ла­на­ды. Сонымен қатар жасанды интеллектіні біріктіреді. 
Химия және химиялық тех­но­логия факультеті маман­да­ры­ның пікірінше, фотопо­ли­мер­лік шайырды қолданатын LCD/Resin принтерлері (мы­са­лы, Anycubic Photon Mono 2) жоғары ажыратымдылық пен дәлдік қабілетімен ерекше­ле­неді. Мұндай мүмкіндік оларды күрделі модель, миниатюра және жоғары дәлдікті бөл­шек­тер жасауға қолайлы етеді.
Бұдан былай химия және хи­мия­лық технология факуль­те­тінің «Фармацевтикалық өн­ді­ріс технологиясы» және «Ор­гани­ка­лық заттардың хи­миялық тех­нологиясы» маман­дықта­ры­ның студенттері 3D басып шығару саласындағы алдыңғы қатарлы озық технологияларды пайдалану бойынша қосымша құзыреттерге ие болады. Бұл кәсіби дағдыларды жетілдіріп, заманауи әдістерді оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде қолданудың бірегей мүмкіндігі екенін баса айтқымыз келеді. 

Гүлзат НҰРМОЛДАҚЫЗЫ