Атом өнеркәсібіндегі жаңалықтармен бөлісті — КазНУ

91ý

Атом өнеркәсібіндегі жаңалықтармен бөлісті

28 октября 2025
Атом өнеркәсібіндегі жаңалықтармен бөлісті

«Атакент» көрме орталығында энергетика саласындағы ең ірі шаралардың бірі – Powerexpo Almaty 2025 және Kazatomexpo 2025 халықаралық көрмесі өтті. Үш күнге созылған бұл маңызды жиынға әлемнің 15-тен астам елінен 190-нан аса компания қатысып, энергетика мен атом өнеркәсібіндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісті. 

Көрмеге қатысушылар қа­та­­рында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факуль­те­ті­нің түлектері де болды. Бү­гінде олар еліміздің электр жүйелерін автоматтандырумен айналысатын «РЗА СИСТЕМЗ-КZ» компаниясында жұмыс іс­тейді. Компания өкілдері көрме барысында өздерінің релелік қорғаныс және автоматика жүйе­леріне арналған жаңа тех­никалық шешімдерін көпшілік назарына ұсынды. Жас ма­ман­дар заманауи құрылғылардың жұмыс істеу принципін көр­се­тіп, тәжірибелерімен бөлісті. Көр­ме қонақтарының қата­рын­да физика-техникалық фа­куль­тетінің «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бо­йын­ша 2-3 және 4-курс сту­денттері де болды. Олар іс-шараға факультеттің Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика ка­фе­драсы оқытушыларының жетекшілігімен келді. Көрме барысында «РЗА СИСТЕМЗ-КZ» мамандары студенттерге өз стендтерін таныстырып, нақ­ты өндірістік үдерістер ту­ралы айтып берді. Студенттер қашықтан басқарылатын жүйе­лер­дің жұмысын көріп, өз са­ласының болашағымен жа­қы­ны­рақ танысты.
«Біз университетте алған бі­лімімізді нақты жобаларда іс­ке асырып жатырмыз. Теория мен тәжірибені ұштастырудың маңызы зор. Көрмеге келген студенттер өндірістегі шынайы инженерлік шешімдерді көріп, мамандығына деген қызы­ғу­шы­лығын арттырды», – дейді «РЗА СИСТЕМЗ-КZ» ком­па­ния­­сы­ның өкілдері – ҚазҰУ тү­лек­те­рі. Мұндай іс-шаралар сту­дент­тер үшін кәсіби көз­­қарасын кеңейтуге үлкен мүм­­кіндік бе­реді. Көрме ба­ры­сында сту­денттер тек за­­­манауи тех­но­логияларды кө­румен шек­­­телмей, сала ма­­ман­­да­ры­мен еркін тілдесіп, өндірістің нақты талаптарын тү­сінді. Powerexpo Almaty 2025 және Kazatomexpo 2025 көр­ме­лері биыл Қазақстанның энер­ге­тика саласындағы серпінді дамуын ғана емес, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс нығая түскенін көрсетті.
 ҚазҰУ түлектері мен қазіргі сту­денттердің бір алаңда жүз­де­суі еліміздің инженерлік мек­тебінің өміршеңдігін дә­лелдеген сәт болды.


Шолпан ӘБДИЕВА,
Әсем ӘМРЕНОВА, 
ПФН және КФ кафедрасының аға оқытушылары