- Главная
- Новости
- Студенты факультета востоковедения заняли призовые места на республиканской олимпиаде
Студенты факультета востоковедения заняли призовые места на республиканской олимпиаде


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері «Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтижелер көрсетіп, өз білімдерінің сапасын тағы бір мәрте дәлелдеді.
2026 жылғы 17–18 сәуір күндері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан ауқымды республикалық олимпиада өтті.
Байқау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жүлделі орындарға ие болды:
Марат Аруна Жанғатқызы, 4 курс студенті — II орын;
Әбдрахман Айсұлу, 4 курс студенті — III орын.
Бұл жетістіктер университеттің жоғары білім беру сапасын, ғылыми әлеуетін және студенттердің білімге деген ұмтылысын айқын көрсетеді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті
Мамедова Ф.З.