«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының факультетішілік кезеңі жеңімпаздарыFarabi University

91ý

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының факультетішілік кезеңі жеңімпаздары

23 апреля 2026
«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының факультетішілік кезеңі жеңімпаздары

2026 жылғы 8 сәуірде 91ý Kazakh National University қабырғасында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының факультеттік кезеңі өтті. Аталған кезеңге факультеттің бес секциясы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған студенттер қатысып, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұсынды.

Әсіресе «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының студенттері ерекше нәтиже көрсетті. Эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының аға оқытушысы, PhD Нұрғалиева Жансая Жәнәділқызы ғылыми жетекшілігімен 3-курс студенттері жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеп, айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Конференция қорытындысы бойынша Амангелдіқызы Алуа, Заудбай Маулеш, Ерсін Мансия және Мешитбаева Меруерт жүлделі І орынды иеленіп, өздерінің академиялық дайындық деңгейі мен ғылыми мәдениетінің жоғары екенін көрсетті.

Жеңімпаздарға университет ректорының атынан арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. «Фараби әлемі» конференциясы студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға, олардың бастамаларын қолдауға және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған маңызды ғылыми алаң болып табылады.