«Казахстан-Холод 2026» ХV мерейтойлық халықаралық конференциясы ашылуындағы сөзіFarabi University

91ý

«Казахстан-Холод 2026» ХV мерейтойлық халықаралық конференциясы ашылуындағы сөзі

29 Сәу, 2026
«Казахстан-Холод 2026»  ХV мерейтойлық халықаралық конференциясы ашылуындағы сөзі

Құрметті қонақтар, оқытушы-профессорлар, білім алушы жастар! 

Баршаңызды қара шаңырағымызда өтіп жатқан «Казахстан-Холод 2026» XV мерейтойлық халықаралық ғылыми-техникалық конференциясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі форумның 15 жылдық белесі – бұл салалық ғылымның өміршеңдігі мен маңыздылығының айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ғылым мен инновация – еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын басты күш», – деп атап өткен болатын.

Президентіміз ғылымды экономиканың нақты секторларымен ұштастыруды стратегиялық міндет ретінде қойып отыр.

Біздің университет тек білім ордасы ғана емес, ол еліміздің технологиялық дербестігін қалыптастыратын ірі зерттеу хабы.

  Президенттің зерттеу университеттерін дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, біз ғылыми ізденістерді өндіріспен тікелей байланыстыруға басымдық береміз.

Бүгінгі конференция – сол стратегиялық бағыттың нақты көрінісі.

Салқындату индустриясы мен жылу физикасы саласындағы жаңалықтар – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен энергия тиімділігіне қосылатын үлкен үлес.

 

Уважаемые коллеги! 

Сегодня мы являемся свидетелями того, как холодильная индустрия и теплофизика выходят на передний план глобальной повестки.

В условиях климатических вызовов и необходимости обеспечения продовольственной безопасности, ваши разработки становятся фундаментом для устойчивого развития экономики Казахстана.

Переход КазНУ к модели исследовательского университета мирового уровня подразумевает тесную синергию науки и реального сектора.

Мы не просто готовим кадры – мы создаем инновационную экосистему.

В связи с этим, работа нашей конференции должна сфокусироваться на трех ключевых приоритетах:

Энергоэффективность и «зеленые» технологии.

Внедрение природных хладагентов – это наш реальный вклад в выполнение международных обязательств Казахстана.

Цифровизация отрасли.

Интеграция искусственного интеллекта и интернета вещей (IoT) в системы холодоснабжения.

Мы должны в полной мере использовать потенциал нашего центра «Farabi AI» для оптимизации энергосистем.

Импортозамещение и экспертная поддержка.

 Университет готов стать главной платформой для разработки национальных стандартов, обеспечивая технологическую независимость нашего рынка.

 

Қадірлі қауым! 

Университетіміздің ғылыми әлеуеті өте жоғары.

Бізде заманауи зертханалар, суперкомпьютерлік қуаттар және ең бастысы – бірегей адам капиталы бар.

Ғалымдарымыздың халықаралық деңгейдегі жобалары бүгінде жоғары бағалануда.

Осы конференция аясында қабылданатын шешімдер мен ұсыныстар тек теориялық сипатта қалып қоймай, нақты өндіріске енгізілуі тиіс.

Біз бизнес өкілдерін университетпен тығыз байланыс орнатып, ғылыми сыйымдылығы жоғары кластерлер құруға шақырамыз.

Баршаңызға нәтижелі жұмыс пен толағай табыстар тілеймін.

ХV «Казахстан-Холод» конференциясы еліміздің технологиялық серпілісіне зор үлес қосатынына сенімдімін!

Ғылым жолындағы ізденістеріңіз сәтті, асуларыңыз биік болсын!