Төлеген Қожамқұлов – 80 жаc мерейтойында сөйлеген сөзіFarabi University

91ý

Төлеген Қожамқұлов – 80 жаc мерейтойында сөйлеген сөзі

29 Сәу, 2026
Төлеген Қожамқұлов – 80 жаc мерейтойында сөйлеген сөзі

Құрметті Төлеген Әбдісағиұлы!

Қадірлі зиялы қауым өкілдері,

Білім алушы жастар!

Бүгін біз қара шаңырағымыздың шежіресінде өзіндік қолтаңбасы, отандық ғылым мен білім тарихында ерекше орны бар қайраткер тұлғаның мерейтойына арналған шарада бас қосып отырмыз.

Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов – Қазақстанның заманауи ғылымын, оның ішінде іргелі теориялық физика саласын әлемдік деңгейге көтерген көрнекті ғалым.

Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Төлеген Әбдісағиұлы біз үшін тек ірі ғалым ғана емес, сонымен бірге университетімізді 2001-2008 жылдар аралығында жаңа белестерге бастаған білікті басшы және парасатты ұйымдастырушы.

 Ол басқарған жылдар ҚазҰУ-дың білім беру сапасы мен ғылыми әлеуеті жаңа қарқын алған маңызды кезең ретінде тарихымызда қалды.

 

Уважаемые гости! 

Жизненный путь Толегена Абдисагиулы – это яркое подтверждение того, что большие достижения начинаются с крепких корней и высокого примера.

Старт его научной карьеры был стремительным: блестяще окончив КазГУ, он был направлен в легендарный Ленинградский «Физтех».

Попасть в колыбель мировой физики в 21 год и сразу быть зачисленным в аспирантуру без стажировки – случай исключительный.

Он успешно сдал знаменитый «теоретический минимум Ландау» – сложнейшее испытание, которое под силу лишь единицам во всем мире.

Его научные интересы охватывали фундаментальные основы мироздания: от квантовой теории поля – до теории относительности и гравитации.

Особого упоминания заслуживает 1986 год, когда Толеген Абдисагиулы первым в Советском Союзе защитил докторскую диссертацию по решеточным калибровочным теориям.

Это достижение вывело казахстанскую теоретическую физику на международную орбиту.

Будучи истинным патриотом, Толеген Абдисагиулы заботился не только о формулах, но и о будущем национального образования.

Под его руководством был подготовлен первый учебник «Квантовая механика» на казахском языке, что стало неоценимым вкладом в развитие научного потенциала нашей страны.

Нельзя не отметить и роль Казахстанского физического общества, одним из основателей которого является Толеген Абдисагиулы.

 Сегодня это авторитетная организация, которая объединяет ученых страны, развивает отечественную физическую науку и всесторонне поддерживает молодых исследователей.

Все эти инициативы – наследие человека, который всегда смотрел за горизонт, стремясь прославить казахстанскую науку на мировом уровне.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың тағдыры біздің қара шаңырақ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихымен тамырлас. 

Ол ассистенттен ректорлыққа дейінгі даңғыл жолдан өтті.

Төлеген Әбдісағиұлының ерен еңбегінің бірі – Қазақстанда жоғары оқу орны базасындағы тұңғыш ғылыми орталықтардың бірі – Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтын құруы.  

Бұл институт ғылым мен білімді ұштастырып, жас зерттеушілерге жол ашқан нақты интеллектуалдық орталыққа айналды.

Төлеген Әбдісағиұлы – жоғары білім саласының ірі реформаторы.

Ол 1998 жылы Талдықорған университетін басқарған кезеңде оқу орнының мәртебесін көтеріп, Жетісу мемлекеттік университеті болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді.

Ал 2001 жылы туған шаңырағы – ҚазҰУ-ға ректор болып оралуы университетіміздің жаңа дәуіріне жол ашты.

Дәл осы кезеңде:

Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш болып Болонья қаласында Университеттердің ұлы хартиясына қол қойылып, біз әлемдік білім кеңістігіне жол тарттық;

2006 жылы университетіміз отандық жоғары оқу орындары арасында тұңғыш рет «Алтын сапа» сыйлығын иеленіп, білім сапасының эталоны ретінде танылды.

Төлеген Әбдісағиұлының ректорлық кезеңі жаңа оқу корпустары мен жатақханалардың бой көтеруімен де есте қалды.

Ол университетті тек білім беретін орын емес, ұлттық интеллигенцияны тәрбиелейтін үлкен рухани орталыққа айналдыра білді. 

Ардақты Төлеген Әбдісағиұлы!

Сізді бүгінгі 80 жылдық асқаралы мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! 

Сіздің өмір жолыңыз – бүгінгі жас ғалымдар мен студенттер үшін еңбекқорлық пен табандылықтың, ғылымға деген адалдық пен отансүйгіштіктің шынайы үлгісі.

Халқымыз «Сексен – сеңгір тау» дейді.

Осынау биік белесте сізге болаттай мықты денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілеймін.

Мерейтойыңыз құтты болсын!