7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! — КазНУ

91ý

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

7 мая 2026
7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің оқытушы-профессорлары, 
қызметкерлері мен білім алушы жастары!
Қадірлі Әскери кафедра офицерлері мен курсанттары!

 

Сіздерді айбынды мереке –  7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні­мен шын жүректен құттықтаймын!

Отанды сүю мен оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті боры­шы, ел алдындағы зор жауап­кер­шілігі.

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қол­бас­шысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – Қазақстанның қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір Отан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құрмет көрсетілетін күн», – деп атап өткен болатын. Бүгінде бұл парыз тек әскери шеберлікпен ғана емес, сонымен қатар терең білім­мен, озық технологиямен және ин­но­вациялық ізденістермен тығыз байланысты.

Қара шаңырақ ҚазҰУ осы жолда мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға лайықты үлес қосып ке­леді. 1934 жылы университетпен бір­ге негізі қаланған Әскери ка­фе­драмыз бүгінге дейін 50 мыңнан астам запастағы офицерлерді даяр­лап шығарды. Қазіргі таңда кафедра қа­бырғасында ұлдармен қатар, ару­ларымыз да 20 әскери-есептік ма­ман­дық бойынша білім алып, заман талабына сай әскери дайындықтан өтуде. Біздің басты мақсатымыз – жастардың патриоттық рухын шың­дап, олардың әділетті, адал және кәсіби азамат болып қалыптасуына жол ашу.

Интеллектуалды ұлт қалыптас­ты­ру, ғылым жолында қажырлы ең­бек ету – бұл да мемлекетіміздің іргесін нығайтуға қосылған зор үлес. Әрбір курсант пен студенттің ертеңгі күні Отан алдындағы борышын абы­рой­мен атқарып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысатынына сенімім кәміл.

Осынау айтулы мерекеде бар­ша­ңыз­ға мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Мемлекетіміздің қорғанысы қуат­ты, еліміздің көгінде бейбітшілік туы мәңгі желбіресін!

Ізгі ниетпен,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Басқарма Төрағасы – Ректор

Жансейіт Түймебаев