География және табиғатты пайдалану факультеті
Картография және геоинфоматика
Қазіргі уақытта кафедра «6B07301– Геодезия және картография», «6B07302 – Геоинформатика», «6B05206 - Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» білім беру бағдарламалар бойынша бакалаврларды, «7М07301 – Геодезия», «7М07302 – Геоинформатика», «7М07303– Картография», «7М07306 – Геоинформатика» (екідипломды бағдарлама), «7M05210 – Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандықтары бойынша магистрлерді, «8D07301 – Геодезия», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография» және «8D05206 – Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы бойынша докторанттарды дайындайды. Бұл мамандықтар бойынша кафедрада 429 студент қазақ және орыс бөлімдерінде білім алып жүр.
Кафедрада оқу лабораториялары, геоинформаициялық картографиялау ғылыми-зерттеу лабораториясы, ГАЖ технологиялары және ЖАЗ орталығы бар, сонымен қатар кафедраның жас ғалымдарына арналған ГАЖ Орталығы және ҚазҰУ-нің аймағында орналасқан оқу геодезиялық полигоны қызмет көрсетеді.
Қазіргі заманның талабына сәйкес оқу үдерісіне инновациялық технологияларын енгізу мақсатында кафедраның оқу лабораториялары, жоспар бойынша сандық және электронды геодезиялық аспаптармен, ғаламдық навигациялық ғарыштық жүйелер аспаптарымен, кеңістіктегі мәліметтерді өңдеуде бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта кафедра картография, геодезиря салаларындағы сандық және тақырыптық картографиядағы теориялық, қолданбалы мәселелер зерттеліп, өңделуде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының халықшаруашылық саласындағы басқаруларда геоинформациялық жүйелерді пайдалану қарастырылуда.
Кафедраның ғылыми-техникалық және әдістемелік базасы қазіргі уақытта жоғарғы және білікті білім беру орындарында қызмет істейтіндерге, сонымен қатар геодезия, картография, геоинформатика және табиғи-техногендік қауіп-қатерлер салаларында қызмет ететін өндіріс қызметкерлеріне арналған біліктілік деңгейін көтеру курстарын ашуға толықтай мүмкіншілігі бар.
Толығырақ