Механика-математика факультеті
Сонау 1934 жылы негізі қаланған Қазақстандағы Қазақ мемлекеттік университетінің тұңғыш физика-математика факультеті ұлттық білім мен ғылым орталықтарының біріне және ағарту саласының алтын бесігіне айналды. Факультет –барлық сынақтардан абыроймен өтіп, математикадан, механикадан және ақпараттық технологиялардан елімізде кадрлар дайындау мен ғылыми зерттеулердің жетекші орталықтарының біріне айналды. Механика-математика факультетінің бүгінгі ғылыми жетістігі – факультетте жұмыс істеген және осы уақытқа дейін жұмыс істеп жүрген ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының шығармашылығы мен ынтасының арқасы.
Әлеуметтік желілер:
Факультет
Бакалавриат
Қаржылық және сақтандыру секторларындағы ғылыми-зерттеу мекемелері үшін кәсіби мәселелерді шешуге және іргелі математикалық білімін пайдалана отырып басқарушылық шешімдер қабылдауда әртүрлі математикалық-экономикалық модельдер құра алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
Білім беру орталықтары мен ғылыми-зерттеу мекемелер үшін сапалы мамандарды дайындау, сондай-ақ, үздіксіз математикалық ойлау, талдау және логикалық қорытынды негізінде, қажет болған жағдайда заманауи ақпараттық технологияларды қолданып берілген сандық, кеңістіктік немесе жиындық шарттарын ұстана отырып, математиканың теориялық және практикалық мәселелерін шешуге қабілетті маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
Механика саласы бойынша математиканың іргелі білім негізі қалыптасқан және программаларды құру негізін жақсы білетін, қойылған есептерді өз бетінше шығара алатын, дәйекті қорытынды жасап, алған нәтижелерін баяндай білетін, топта бірігіп жұмыс істей алатын, сондай-ақ өзінің одан әрі кәсіби өсу бағытын анықтап, үздіксіз білім алуға деген құлшынысын көрсете білетін жоғары білікті маманды сапалы деңгейде даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім алушыларда есептеу ғылымдары мен статистика саласында өзекті білім мен құзыреттілікті қалыптастыруға, есептеу және статистикалық деректер негізінде нақты процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін жасауға, оларды зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін таңдауға, оқытылатын ғылым салаларында кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін қосымшалар мен бағдарламалық өнімдерді жасауға, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру дағдыларын және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, математика, физика, ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи ғылым мен техниканың ғылыми және практикалық мәселелерін шешуге қабілетті, қолданбалы математика саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер терең математикалық білім алады, сонымен қатар заманауи ақпараттық технологияларды меңгереді. Студенттер заманауи бағдарламалау тілдері мен технологияларын қолдана отырып, ғылыми және инженерлік есептерді шешу үшін математикалық модельдерді жобалауды, зерттеуді, түсіндіруді және оңтайландыруды үйренеді. Оқытудың келесі бағыттары қарастырылған: – Жаратылыстану ғылымдарының есептерін модельдеудің математикалық және компьютерлік әдістері; – Математикалық модельдеу, басқару және ақпаратты өңдеу.
Бағдарлама физика, химия, механика, экономика, биомедицина саласында математикалық модельдеуді жеткілікті білетін, типтік математикалық модельдерді әзірлеуге, бағдарламалық кешендерді әзірлеуге және алынған нәтижелерге талдау жасауға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған. Студенттерді ғылыми зерттеулер жүргізуге, математикалық және компьютерлік модельдеудің теориялары мен әдістерін жетілдіруге және әзірлеуге, экономиканың түрлі салаларында, сондай-ақ жоғары оқу орындарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында алынған білімдері мен нәтижелерін практикалық қолдануға дайындау. Келесі даярлау бағыттары қарастырылған: - Биомедицинадағы математикалық модельдеу; - Қаржылық инженерия; - Тұтас орталарды математикалық модельдеу.
Математика, жаратылыстану ғылымдары, техника, ақпараттық технологиялар саласындағы іргелі білімі бар және оларды білім беру және зерттеу мекемелері мен түрлі автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістер үшін мехатрондық және робототехникалық жүйелердің механикалық, электрлік және электрондық тораптарын талдау, жобалау және басқару үшін қолдана алатын робототехникалық жүйелер саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
Математика, жаратылыстану ғылымдары, техника, компьютерлік технологиялар саласында іргелі білімі бар және оларды деректерді талдау мен өңдеу, ғарыш аппараттарын жобалау және пайдалану үшін қолдана алатын ғарыш техникасы және технологиялары саласында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды сапалы дайындау.
Математика, жаратылыстану ғылымдары, техника, компьютерлік технологиялар саласында іргелі білімі бар және оларды деректерді талдау мен өңдеу, ғарыш аппараттарын жобалау және пайдалану үшін қолдана алатын ғарыш техникасы және технологиялары саласында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды сапалы дайындау.
Магистратура
Актуарлық математика және тәуекел теориясы саласындағы әртүрлі кәсіби проблемаларды шешуге қабілетті білікті мамандар даярлау, олардың актуарлық және кәсіби зерттеулер саласындағы тәжірибелік дағдылары мен біліктіліктерін арттыру. Магистранттарға академиялық стандарттарға және Қазақстандағы актуарийлерді оқытуға арналған ең жоғарғы білім беру бағдарламасына сәйкес бәсекеге қабілетті, бірақ ынталандыратын білім беру ортасында басқа елдердің үздік студенттеріне тартымды оқытуды қамтамасыз ету.
Актуарлық математика және тәуекел теориясы саласындағы әртүрлі кәсіби проблемаларды шешуге қабілетті білікті мамандар дайындау, олардың актуарлық және кәсіби зерттеулер саласындағы тәжірибелік дағдылары мен біліктіліктерін арттыру. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыруда оқу, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады; Оқу бағдарламасы академиялық стандарттарға және Қазақстандағы актуарийлерді оқытуға арналған ең жоғарғы білім беру бағдарламасына сәйкес бәсекеге қабілетті магистранттар дайындайды.
Бітірушілер математика салаларында тереңірек білім алу және ағымдағы зерттеулерге талдау жасайтын, жоғары оқу орындарында сабақ беретін, әкімшілік және зерттеу жұмыстарын сәтті жүзеге асыратындай болу керек. -Алғашқы мәндерді критикалық бағалау және коммуникация мәселелерін шешуге байланысты жүйелік дағдыларын қалыптастыру. Практикалық есептеу техникалары мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз ету.
Бітірушілер математика салаларында тереңірек білім алу және ағымдағы зерттеулерге талдау жасайтын, жоғары оқу орындарында сабақ беретін, әкімшілік және зерттеу жұмыстарын сәтті жүзеге асыратындай болу керек. -Алғашқы мәндерді критикалық бағалау және коммуникация мәселелерін шешуге байланысты жүйелік дағдыларын қалыптастыру. Практикалық есептеу техникалары мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз ету.
Механика саласында, әсіресе мамандандыру салалары бойынша (теориялық және аспан механикасы, сұйық және газ механикасы, деформацияланатын қатты механикасы, механизмдер мен машиналар теориясы) терең жүйелі білімі бар, құзіреттерге ие, ғылым мен білімнің кең салаларында сұранысқа ие, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар мен ғылыми орталықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жоғары білікті мамандар даярлау.
Энергетикалық жүйелерді зерттеу мен проектілеу үшін механика саласында мамандарды сапалы дайындау. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру келесі қасиеттерге ие маманды қалыптастыруға бағытталған: - бар модельдерді және/немесе жаңа модельдерді қолдана отырып энергетикалық жүйелерде процесстердің теориялық және эксперименталды зерттеулерді жүргізу, сондай-ақ әзірленген құрылғылардың техникалық сипаттамаларын негіздеу, олардың пайдалану шарттарын айқындау; - энергетикалық жүйелердегі процестердің математикалық модельдерін әзірлеу, математикалық модельдеу арқылы зерттеу жүргізу, қабылданған теориялық және сындарлы шешімдерді негіздеу үшін заманауи бағдарламалық жасақтаманы қолдану; - энергетикалық жүйелердің дизайны мен жұмыс істеу режимін жобалау, модельдеу әдістерін пайдалана отырып олардың жұмыс жасау режимдеріне талдау жасау; - ағыс режимдерін және жеке компоненттердің жұмысын, және жалпы энергетикалық жүйелерді зерттеу үшін дайын пакеттерді қолдану және бағдарламалық модульдерді әзірлеу.
Математика және математикалық білім саласындағы кәсіби мәселелерді шешуге қабілетті білікті маман-шеберлерді даярлау, олардың кәсіби ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеру.
Математика және математикалық білім саласындағы әр түрлі кәсіби мәселелерді шешуге, кәсіби ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге қабілетті білікті маман-магистрлерді даярлау. - магистранттарды академиялық стандарттарға сәйкес басқа елдердің бәсекеге қабілетті, ынталандыратын білім беру ортасында оқытуды қамтамасыз ету.
Математика және математикалық білім саласындағы әр түрлі кәсіби мәселелерді шешуге, кәсіби ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге қабілетті білікті маман-магистрлерді даярлау. - магистранттарды академиялық стандарттарға сәйкес басқа елдердің бәсекеге қабілетті, ынталандыратын білім беру ортасында оқытуды қамтамасыз ету.
«Есептеу ғылымдары және статистика» магистратура бағдарламасы есептеу ғылымдары, стохастикалық есептеу әдістері, шешімдер қабылдау әдістері, жоғары өнімді есептеулер, есептеу торларын құру, машиналық оқыту облыстары бойынша жоғары деңгейлі мамандарды дайындауға бағытталған. Аталмыш білім беру бағдарламасының түлегі ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызмет атқара алады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары білікті мамандарды – ақпаратты кешенді, сыни талдауға және өңдеуге қабілетті, есептеу ғылымдары мен статистика саласында білімі бар жеке тұлғаларды; сонымен қатар одан әрі ғылыми-зерттеу және оқу қызметінде есептеу әдістерін, заманауи технологияларды және инновациялық шешімдерді қолдануда практикалық дағдыларға ие тұлғаларды сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – қолданбалы және есептеу математикасы саласында жеткілікті білімі бар, механика, физика, экология, медицина, биология және жаратылыстанудың басқа салаларындағы қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдер жасауға, есептеу математикасының әдістерін қолдануға қабілетті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
«Пәнаралық ғылыми зерттеулерде математикалық модельдер (РУДН - КАЗНУ)» бағдарламасы математикалық және компьютерлік технологиялар әдістерін қолдана отырып, ғылыми зерттеу жұмысын жүзеге асыру кәсібін басымдықпен дайындайды; ғылым, техника, экономика және басқару мәселелерін шешу үшін заманауи математикалық әдістерді қолдануды және құруды үйретеді; ақпараттық технологияларды ғылыми, педагогикалық қызметте қолдануды мақсат етеді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – математикалық модельдеу және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жеткілікті білімі бар, ғылыми-педагогикалық құзыреттілігі бар, механика, физика, экология, биология, экономика және жаратылыстанудың басқа салаларында қолданбалы мәселелерді шешу үшін есептерді қоюға, математикалық модельдерді әзірлеуге, ақпараттық технологияларды пайдалануға қабілетті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Робототехникалық жүйелер саласында терең жүйелі білімі мен құзыреттілігі бар, робототехникалық жүйелерді жобалаудың, басқарудың өзекті ғылыми мәселелерін, сондай-ақ биомеханикалық жүйелердің міндеттерін өз бетінше анықтауға және шешуге қабілетті, ғылыми және білім беру саласында, әртүрлі автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістерде, ҚР робототехника саласындағы ұйымдар мен зертханаларда жұмыс істеу үшін және халықаралық ғылыми орталықтарда робототехника саласындағы ғылыми зерттеулермен айналысатын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Ғарыштық техника және технологиялар саласында, терең жүйелік білім мен құзыреттіліктерге ие, өздігінен ғарыш жүйелерін жобалау, қолдану, сонымен қатар ғарыштық мониторингтің өзекті ғылыми есептерін анықтап, шеше алатын, ғылым және білім беру саласында, Жерде және ғарышта ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жүргізумен айналысатын, ҚР ғарыш саласындағы мекемелер мен зертханаларда және халықаралық ғылыми орталықтарда қызметке сұранысқа ие, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау.
Ғарыштық техника және технологиялар саласында, терең жүйелік білім мен құзыреттіліктерге ие, өздігінен ғарыш жүйелерін жобалау, қолдану, сонымен қатар ғарыштық мониторингтің өзекті ғылыми есептерін анықтап, шеше алатын, ғылым және білім беру саласында, Жерде және ғарышта ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жүргізумен айналысатын, ҚР ғарыш саласындағы мекемелер мен зертханаларда және халықаралық ғылыми орталықтарда қызметке сұранысқа ие, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау.
Докторантура
Математика және математикалық білім саласында кәсіби мәселелерді шешуде құзыретті мамандар даярлайтын, бәсекеге қабілетті докторанттарды даярлау.
Механика саласында жоғары білікті, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, іргелі ғылыми дайындыққа ие; өзекті ғылыми зерттеу жұмыстарын ең жоғарғы методологиялық деңгейде табысты жүргізе алатын, белсенді әрі азаматтық ұстанымы бар ғылыми мамандар дайындау болып табылады.
Математикалық және математикалық білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шешуде ғылыми және ғылыми-педагогикалық құзыреттілігіне ие, білікті ғылыми қызметкерлер, PhD докторанттарын даярлау, кәсіби тәжірибелік қызмет саласындағы тәжірибелік дағдылар мен құзыреттер.
Бағдарлама ішкі және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ел мен аймақтың қажеттіліктеріне және даму жолдарына сәйкес жоғары білікті ғылыми, педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған. Білім беру бағдарламасы студенттердің есептеу ғылымы саласындағы терең білімдерін қалыптастыруға, математикалық модельдеу әдістері, аппроксимация сұлбаларын талдауға, математикалық теңдеулер негізінде деректерді талдау мен болжаудың статистикалық әдістерін қолдануға, университетте және ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытудың келесі бағыттары қарастырылған: - дифференциалдық теңдеулер үшін есептерді шығарудың есептеу әдістері; - математикалық физика есептерін сандық шешуге жуықтау сұлбаларының жинақталуын талдау; - әр түрлі бейімделген есептеу торларын салу және пайдалану; - математикалық модельдерді қою үшін ғылыми гипотезалар негізінде дифференциалдық теңдеулерді тұжырымдау; - есептеу алгоритмдерінің параметрлерін таңдау үшін нақты деректер бойынша математикалық статистика әдістерін қолдану; - сандық тәжірибелерді қолдану арқылы модельдендірілген процестің дамуын болжау; - математикалық физика есептерін сандық шешу үшін жоғары өнімді есептеу алгоритмдерді құру және қолдану; - өзін-өзі дамыту, ғылыми ойлау, сыни талдауға, кванттық есептеу сияқты жаңа зерттеу бағыттарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. - физика, химия, биология, қаржылық процестер, геология, кинетика мәселелерін компьютерлік болжау.
Бағдарламаның мақсаты – ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында елдің және өңірдің даму қажеттіліктері мен перспективаларына сәйкес бәсекеге қабілетті есептеу ғылымдары және статистика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау, білім алушыларда есептеу ғылымдары, есептеудің есептеу әдістері, салынған айырымдық схемалардың конвергенциясын талдау, деректерді талдау мен болжаудың статистикалық әдістерін қолдану саласында терең білімді қалыптастыруға бағдарланған математикалық есептеулер, ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс-әрекет дағдыларын дамытуға, сондай-ақ дифференциалдық теңдеулерді сандық шешу, жуықтау схемаларының конвергенциясын талдау, Имитациялық процестердің дамуын болжау және есептеу алгоритмдерін әзірлеу сияқты әртүрлі бағыттар бойынша оқытуды қамтитын өзін-өзі дамытуға, ғылыми ойлауға және сыни талдауға баса назар аудара отырып, сондай-ақ әртүрлі салалардағы есептерді есептеу болжамы бойынша оқыту, мысалы, физика, химия, биология, қаржы және геология.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – еліміздің және өңірдің даму болашағы мен қажеттіліктеріне сәйкес отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау, білім алушыларда математикалық модельдеу және заманауи компьютерлік технологиялар саласындағы тереңдетілген білімді қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту, сонымен қатар университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарында оқытушылық қызмет дағдыларын қалыптастыру.
Ғарыштық жүйелерді жобалау және пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздерін терең үйрену арқылы, сонымен қатар жақын салалар мен сандық технологиялар туралы білімдерін қолдана отырып, ғарыштық техника және технологиялар, білім салаларында инновациялық қызметке қабілетті; жаңа тұжырымдамалы білім құруға, оны мамандарға дәлелді түрде баяндауға және ғылыми ізденістер қорытындыларын жоғарғы рейтінгілі халықаралық журналдарға мақала түрінде рәсімдеуге қабілетті, жоғарғы білікті ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды дайындау.
Робототехника, білім беру саласында инновациялық қызметке қабілетті, робототехникалық жүйелерді құру мен зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін терең зерттеу негізінде жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, сонымен қатар білімді және ғылым салаларын және сандық технологияларды жүйелі пайдалану; ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білімді жасай алуға, оны мамандарға орынды ұсына алуға және ғылыми зерттеулер нәтижелерін шетелдік рецензияланған ғылыми журналдар мен жарияланымдарда ғылыми жарияланымдар түрінде тұжырымдай алуғы қабілетті, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін республикалық және халықаралық конференцияларда сынақтан өткізуге; оқу процесінің жүзеге асырылуына қатыса алады және білім беру бағдарламасы аясында оқу процесі үшін оқу материалдарын жасай алуды жүзеге асыра алатын кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламалары
Механика-математика факультеті жоғары білікті мамандарды даярлау және ғылыми зерттеулердің жетекші орталықтарының бірі болып табылады:
- Іргелі және актуарлық математика
- Есептеу технологиясы және статистика
- Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориялары
- Механика&Բ;
- Ғарыштық техника және технологиялар
- Робототехникалық жүйелер
- Математикалық және компьютерлік модельдеу және қолданбалы математика
Механика-математика факультетінің студенттері математикадан, функциялар теориясынан, ықтималдық теориясынан және математикалық статистикадан, актуарлық математикадан, математикалық және қолданбалы логикадан, дифференциалдық теңдеулер мен олардың қосымшаларынан, Математикалық физика есептерінен, оңтайландырудан, механика (Теориялық және аспан) саласында, Деформацияланатын қатты дене механикасы, сұйықтық, газ, плазма және энергетика механикасы, машиналар, робототехникалық жүйелер, ғарыш техникасы мен технологиялары механикасынан, бағдарламалаудан, жоғары өнімді есептеулерден, алгоритмдерді параллельдеуден және, криптографияны, табиғи құбылыстарды, физика-химиялық және технологиялық процестерді, медициналық, биологиялық және экономикалық процестерді математикалық модельдеуді, деректерді интеллектуалды талдауды (деректерді талдау) болжау және есептеу, аналитикалық статистиканы зерттеу.
Сондай-ақ факультетіміздің көрнекті профессорлары мен шақырылған шетелдік профессорлардың өткізетін ғылыми семинарлары мен конференцияларына белсенді қатысуға мүмкіндік бар.
Әрине, әртүрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысуды ұмытпаңыз - спорттан бастап зияткерлікке дейін.
Біз "Математика", "Актуарлық математика", "Қолданбалы математика", "Механика", "Робототехникалық жүйелер", "Ғарыштық техника және технологиялар", "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын және Лотарингия университетімен (Франция) бірлесіп "Механика және энергетика", шампан-Арден Реймс университетімен (Франция) бірлесіп "Математика" және Ресей халықтар достығы университетімен бірлесіп, "Математикалық және компьютерлік модельдеу" мамандықтары бойынша қос дипломды магистратураның бағдарламаларды ұсынамыз.
ылыми дәрежесін алғаннан кейін кәсіби қызметтің салалары мен объектілері: ғылым және ғылыми зерттеулер, білім беру және коммуникация, өндіріс және экономика, есептеу аналитикасы, талдау статистикасы, үлкен деректермен жұмыс істеу және статистика, биомеханика және нанотехнология; мұнай-газ саласы, телекоммуникациялық мекемелер; білім беру ұйымдары; өнеркәсіптік өндіріс, өнеркәсіп және энергетика, ғарыш техникасын пайдалануды реттеу, сақтандыру/қаржы ұйымдары, оның компаниялары. Дәреже алу кез-келген перспективалы салада Сәтті мансапқа жол ашады, өйткені математика барлық алдыңғы қатарлы оқиғалардың негізі болып табылады!
Біздің есігіміз озық білім алуға бағытталған және ол үшін қажетті күш-жігерді жұмсауға дайын, жаңа білім мен толыққанды диалогқа ашық, мақсатқа ұмтылған, белсенді және өршіл жастар үшін ашық!
Бізге қосылып, сұранысқа ие маман болғыңыз келе ме? Онда бізге жазыңыз!
abiturient.kaznu@gmail.com немесе қабылдау комиссиясына қоңырау шалыңыз!
Қабылдау комиссиясының нөмірі: +7 (727) 377 33 30, +7 (727) 377 33 33
Байланыс орталығы: +7 (727) 377 33 30
Веб-сайт:: https://welcome.kaznu.kz/
Онлайн тіркелу: https://univer.kaznu.kz/abiturient_user/login