Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және тіркеу
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсетін азаматтарға көрсетіледі. Түлектерден құжаттарды қабылдауды, олардың талаптарға сәйкестігін тексеруді және ҰБТ, КТА немесе қабылдау емтихандарының нәтижелері негізінде бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларына тіркеуді ресімдеуді қамтиды.