2026 жылғы 27 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті басапгерлік –редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастырумен «Экодизайн: идеядан әрекетке» атты білім алушылардың шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге электронды форматтарда орындалған плакаттар қойылып, олар апта бойы көпшілік көрерменнің назарына ұсынылатын болады. Экология және әлеуметтік тақырыптарда жасалған туындылар бір-біріне мүлдем ұқсамайтын өзіндік идеяларымен ерекше. Студенттер бұл шығармаларды 2-3 курстардан бастап жасап, кейбір туындылар 2025 жылы Республикалық көрмелерге қатысып тиесілі бағаларын алған болатын.
Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер
кафедрасының кураторлары:
Серікбай Б., Тасболатова М.