Құқықтық жауапкершілік туралы кеңес берілді — КазНУ

91ý

Құқықтық жауапкершілік туралы кеңес берілді

10 августа 2025
Құқықтық жауапкершілік туралы кеңес берілді

Елімізде дәстүрлі түрде өтетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» респуб­ли­калық акциясы басталды. Аталған акция БҰҰ бастамасымен бүкіл әлем бойынша қолдау тауып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашық қыз­меткерлері Алматы қаласы Бостан­дық аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге акция аясында қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы нөл­дік төзімділік қағидатын қалып­тас­ты­ру мақсатында бірқатар кешенді про­филактикалық іс-шаралар ұйымдас­ты­руда.

Атап айтқанда білім беру ұйымда­рын­да, студенттер үйлерінде, халыққа қызмет көрсету орындарында, сауда және ойын-сауық орталықтарында тү­сіндіру жұмыстары жүргізілді. Аза­мат­тарға ақпараттық жадынамалар тара­ты­лып, тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың салдары мен құқықтық жауапкершілігі туралы кеңес берілді.

Сонымен қатар әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүр­гі­зіліп, халықтың құқықтық сауат­ты­лы­ғын арттыруға бағытталған ма­те­риал­дар жариялануда.

Акция шеңберінде әйелдер мен ба­лаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ал­дын алу, оларға құқықтық және пси­хо­логиялық көмек көрсету, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мәселелері басты назарда болмақ. 

 

Абдықахар СЕЙТЖАНОВ,

ҚазҰУ-дың студенттік қалашық директоры

 Алина ҚОЖАХМЕТ,

Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны