Құқықтық жауапкершілік туралы кеңес берілді
Елімізде дәстүрлі түрде өтетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы басталды. Аталған акция БҰҰ бастамасымен бүкіл әлем бойынша қолдау тауып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашық қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге акция аясында қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру мақсатында бірқатар кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда.
Атап айтқанда білім беру ұйымдарында, студенттер үйлерінде, халыққа қызмет көрсету орындарында, сауда және ойын-сауық орталықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға ақпараттық жадынамалар таратылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары мен құқықтық жауапкершілігі туралы кеңес берілді.
Сонымен қатар әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған материалдар жариялануда.
Акция шеңберінде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларға құқықтық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мәселелері басты назарда болмақ.
Абдықахар СЕЙТЖАНОВ,
ҚазҰУ-дың студенттік қалашық директоры
Алина ҚОЖАХМЕТ,
Алматы қаласы Бостандық ауданы ПБ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны