Биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасының 4-курс студенті Сәуле Қоламсақ «Farabi GreenCampus: Таза университет» атты жастарға арналған экологиялық форумда FarabiGreen Point стартап-жобасын таныстырып, жүлделі III орын иеленді.
FarabiGreen Point – университет кампусында қалдықтарды сұрыптауды оңтайландыруға бағытталған мобильді қосымша. Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға және жасыл кампус идеясын қолдауға бағытталған.
Қосымшаның негізгі функциялары:
• қалдықтарды дұрыс сұрыптауға арналған интерактивті карта;
• QR-код арқылы экобалл жинап, кампус қызметтерінде қолдану;
• апта сайынғы экочеллендждер мен марапаттар;
• жасанды интеллект және смарт-сенсорларды қолдану.
Бұл жоба экологиялық жауапкершілікті арттырып, университеттің тұрақты даму бағытындағы бастамаларын қолдайды.
Сәуле Қоламсақ технология мен мотивация арқылы жасыл орта қалыптастырып, студенттердің күнделікті өміріне экологиялық әдеттерді енгізуді мақсат етеді. Біз еліміздің болашағына бейжай қарамайтын осындай белсенді студенттердің еңбегіне, ізденісіне қуанамыз. Біз Сәуленің жетістігімен мақтанамыз және оның жобасының сәтті жүзеге асуына табыс тілейміз!
Ақерке СЕРБАЕВА,
Молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы