Экостартап жобасы жеңімпазы — ҚазҰУ

91ý

Экостартап жобасы жеңімпазы

10 желтоқсан 2025
Экостартап жобасы жеңімпазы

Биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафе­дра­сының 4-курс студенті Сәуле Қоламсақ «Farabi GreenCampus: Таза университет» атты жастарға арналған экологиялық форумда FarabiGreen Point стартап-жобасын таныстырып, жүлделі III орын иеленді.

FarabiGreen Point – университет кампусында қалдықтарды сұрып­тау­ды оңтайландыруға бағытталған мо­бильді қосымша. Жоба эколо­гия­лық мәдениетті дамытуға және жа­сыл кам­пус идеясын қолдауға бағыт­тал­ған.

 

Қосымшаның негізгі функция­ла­ры:

қалдықтарды дұрыс сұрыптауға арналған интерактивті карта;

QR-код арқылы экобалл жинап, кампус қызметтерінде қолдану;

апта сайынғы экочеллендждер мен марапаттар;

жасанды интеллект және смарт-сенсорларды қолдану.

Бұл жоба экологиялық жауап­кер­шілікті арттырып, университеттің тұ­рақты даму бағытындағы бас­та­ма­ларын қолдайды.

Сәуле Қоламсақ технология мен мо­тивация арқылы жасыл орта қа­лыптастырып, студенттердің күн­де­лікті өміріне экологиялық әдеттерді енгізуді мақсат етеді. Біз еліміздің болашағына бейжай қарамайтын осындай белсенді студенттердің ең­бегіне, ізденісіне қуанамыз. Біз Сәу­ленің жетістігімен мақтанамыз және оның жобасының сәтті жүзеге асуына та­быс тілейміз!

 Ақерке СЕРБАЕВА,

Молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы