«Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы» атты мерекелік іс-шарадағы сөзіFarabi University

91ý

«Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы» атты мерекелік іс-шарадағы сөзі

11 Сәу, 2026
«Әз Наурыз – тазару, жаңару бастауы» атты  мерекелік іс-шарадағы сөзі

 

Қадірлі қонақтар!

Оқытушы-профессорлар, білім алушы жастар!

 

Бүгін біз үшін ғылым мен ұлттық құндылықтар астасқан ерекше күн.

Кешелі бері еліміз бойынша Ғылым қызметкерлері күні аталып өтуде.

Жаңа ғана оқу орнымыздың интеллектуалдық брендіне айналған V халықаралық Фараби форумын түйіндедік.

Шараға жыл сайын алыс-жақын шетелдерден қонақтар шақырылады.

Биыл да 100-ге жуық серіктес университеттерден әріптес ғалымдар келді.

Бүгін осы қонақтарымыздың басын қосып, қос мерекені қатар атап өтуді жөн көрдік.

Бұл мерекенің Фараби форумымен және Әз Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келуінің үлкен символикалық мәні бар.

Наурыз табиғаттың түлеуі болса, ғылым – қоғамның жаңаруы мен ілгерілеуінің кепілі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Наурыз мерекесіне орай:

«Әз Наурыз – тазару, жаңару уақыты.

Тазалық – бұл, ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы.

«Таза Қазақстан» бастамасы жай ғана кезекті саяси науқан емес, бұл – мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы, ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс», – деп атап көрсетті.

Сондықтан бүгінгі мерекенің басты философиясы –  «Таза Қазақстан» идеясы.

Біз үшін бұл тек қоршаған орта емес, ең алдымен – сана мен ниеттің тазалығы, Отанға деген адалдық.

Сондай-ақ биылғы шарамыз «Цифрлық Наурыз» форматында жаңа бағытта өтуде.

 

Құрметті әріптестер!

Бүгін ортамызда алыс-жақыннан келген мәртебелі қонақтарымыз бен университетіміздің мақтаныштары отыр.

Оларды топтап таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері;

Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы мен университетіміздің мақтаулы түлектері;

Франция, Мексика, Корея, Қытай және Мысыр елдерінен шақырылған шетелдік профессорлар;

Дипломатиялық корпус өкілдері мен Фараби форумының қатысушылары;

Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтының делегациясы;

Сондай-ақ Бішкек және Омбы қалаларындағы филиалдарымыздан келген білім алушы жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Қош келдіңіздер!

Бүгінгі ұлық мерекеде бізбен бірге болғандарыңыз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!

 

Қадірлі қауым!

Биылғы Наурыздың ҚазҰУ ұжымы үшін жөні бөлек, мәні айрықша болды.

 Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы университетімізге арнайы келіп, қара шаңырақтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Президентіміз отандық ғылымға үлес қосып жүрген ғалымдарымыздың еңбегін жоғары бағалап, оларды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Бұл – бүкіл университет ұжымына көрсетілген зор сенім мен құрмет.

Президент кездесуде ғылымды тек теориялық ізденіс емес, ел дамуының басты қозғаушы күші ретінде айқындап берді.

Дорогие гости!

Сегодня Казахский национальный университет имени аль-Фараби это не просто ведущий вуз, где учатся более 30 тысяч студентов.

&Բ;Это главный интеллектуальный хаб Центральной Азии.

Мы делом доказываем свою конкурентоспособность:  реализуется более 550 образовательных программ, включая 60 программ двойного диплома с ведущими вузами мира.

Наша научная база сегодня это фундамент для будущего:

8 институтов, 39 центров и 140 лабораторий, где сегодня воплощаются в жизнь около 400 фундаментальных проектов.

За последние два года объем привлеченных инвестиций превысил 110 миллионов долларов.

Открыто более 50 новых лабораторий

Особую гордость вызывают уникальные объекты, которые мы недавно представили Главе государства.

Это инновации, которые меняют облик нашей науки:

  • Инновационный хаб Farabi Hub;
  • Самый мощный в регионе Суперкомпьютерный кластер;
  • Лаборатория технологий дистанционного зондирования Земли;
  • Казахстанско-Сингапурский центр квантовых технологий;
  • Центр развития беспилотной авиации и Международный институт робототехники.

А предстоящий в 2026 году запуск микроспутника NKSAT закрепит за КазНУ статус университета мирового уровня.
        Общее финансирование науки достигло 16,27 млрд тенге.

Мы занимаем 166-е место в глобальном рейтинге QS

И, наконец, самая долгожданная и радостная новость: по итогам визита Президента было поддержано финансирование второго этапа строительства нашего университетского городка.

Это колоссальный стимул для всех нас.

Это значит, что КазНУ продолжит расти и развиваться как открытая площадка для процветания всей страны!

 

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Биылғы оқу жылы университетіміздің ғылыми инфрақұрылымы үшін нағыз сапалық серпіліс кезеңі болды.

Біз Энергетика министрлігімен бірлесіп 12 заманауи орталықты біріктіретін бірегей ғылыми-технологиялық альянс құрдық.

Бұл – жай ғана зертханалар емес, көмірсутек шикізатынан бастап, жасанды интеллект пен сутегі энергетикасына дейінгі стратегиялық салаларды ғылыми тұрғыдан сүйемелдейтін еліміздегі ең ірі кешенді модель.

Сонымен қатар биылғы ақпан айында іргетасы қаланған Қазақстан-Сингапур кванттық технологиялар орталығы біздің әлемдік ғылыми ортаға интеграциялануымызға жаңа серпін берді.

Бұл жоба ҚазҰУ-дың жаһандық трендтерді сырттай бақылап қана қоймай, кванттық есептеу мен киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық зерттеулердің белсенді қатысушысына айналғанын көрсетеді.

Осы қатарда Қытай компаниясымен бірлескен Ұшқышсыз авиация орталығының ашылуы отандық инженерлік мәдениет пен қолданбалы зерттеулердің жаңа бағытын қалыптастырып отыр.

Біз бүгін жекелеген жобаларды ғана емес, Орталық Азияның басты технологиялық драйвері ретінде тұтас ел экономикасының келешегіне нық қадам бастық.

 

Құрметті достар!

Бүгінгі «Әз Наурыз – тазару мен жаңарудың бастауы» атты мерекеміз – ұлттық құндылықтар мен заманауи ғылымды ұштастырған, парасаты биік, тағылымды басқосу.

Бүгін біздің мерекелік дастарханымыздан әлемнің 50-ден астам елінен келген 7 мыңнан астам шетелдік студентіміз дәм татады.

Ортамызда отырған дипломатиялық корпус өкілдері, шетелдік профессорлар мен мыңдаған жастар ғылымның шекарасыз екенін, ал Наурыздың нағыз бірлік пен достық мейрамы екенін айқын көрсетеді.

Бұл – біздің қара шаңырақтың жаһандық деңгейдегі қонақжайлылығы мен ашықтығының белгісі.

 

Құрметті қонақтар, қымбатты әріптестер!

Биыл біз Ұлыстың ұлы күнін жаңа форматта – «Наурызнама» онкүндігі аясында жоғары деңгейде атап өттік.

Бұл он күн біз үшін жай ғана мереке емес, рухани жаңғыру мен берекелі істердің кезеңі болды.

  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалашығымызды абаттандырып, экологиялық мәдениеттің үлгісін көрсеттік;
  • «Цифрлық Наурыз» тренді арқылы ата-баба дәстүрін заманауи технологиялар тілінде сөйлеттік;
  • Қайырымдылық жәрмеңкелерін ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қол ұшын создық.
  • Ұлттық киімімізді ұлықтап, салт-дәстүрімізді дәріптедік.

Әсіресе ұлттық спортты насихаттау арқылы бізде білім алып жатқан шетелдік студенттерге қазақ мәдениетінің бай мұрасын паш еттік.

Бұл онкүндік бірлік пен отансүйгіштіктің мектебіне айналды.

Біздің ортақ үйіміз – кампусымызды гүлдендіру мақсатында «Таза кампус» жобасын қолға алдық.

 Осы бастама аясында факультеттер мен кафедралар арасында нағыз бәсекелестік орнап, университетіміз жайнай түсті.

Осы бастамалардың жалғасы ретінде «Таза кампус» жобасы аясында ең үздік деп танылған факультеттер мен зертханаларды бүгін ерекше марапаттайтын боламыз.

 

Қадірлі қауым!

Баршаңызды Ғылым қызметкерлері күнімен және Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ғалымдарымыздың ізденісі нәтижелі, студенттеріміздің талабы таудай болсын.

Наурыз – кешірім мен мейірімнің, еңбек пен берекенің мерекесі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Ырыс-несібеміз артып, береке-бірлігіміз нығая берсін!

Отандық ғылымымыздың абыройы асқақтап, ҚазҰУ-дың мәртебесі биіктей берсін!