Нұрғаин Арайлым — ҚазҰУ

91ý

Нұрғаин Арайлым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Нұрғаин Арайлым «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология» мамандығы бойынша «Су тазалау үшін диатомит негізіндегі наноқұрылымды сорбенттерді өңдеу» тақырыбында диссертация қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Химиялық физика және материалтану» кафедрасында орындалды.

Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

ылыми кеңесшілер:

1. Нажипқызы Меруерт – х.ғ.к., профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан.

2. Alfe Michella (Альфе Микелла) – философия докторы (PhD), Тұрақты энергетика және мобильділік ғылымдары мен технологиялары институты (CNR-STEMS), Неаполь, Италия.

Ресми сарапшылар:

1. Сабитова Альфира Нуржановна – философия докторы (PhD), Шәкәрім университеті, «Химия және экология» кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, Семей, Қазақстан.

2.Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы – х.ғ.к, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті "Инжинирингтік технологиялар" БББ-ның зерттеуші профессоры, Кызылорда, Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Siddharth Shanker Saxena (Сидхарт Шанкар Саксена) – профессор, Кембридж университеті физика кафедрасы, Кавендиш зертханасы, Кембридж, Ұлыбритания. 

2. Казанкапова Майра Құттыбайқызы – философия докторы (PhD), доцент, жетекші ғылыми қызметкер, Көмір химиясы және технологиясы институтының ғылым және инновация жөніндегі директорының орынбасары, Астана, Қазақстан. 

3. Талғатов Эльдар Талғатұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ, органикалық катализ зертханасының меңгерушісі, Алматы, Қазақстан.

болып бекітілді.

Қорғау 2026 жылдың 20 мамырында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультетінің 2 қабатында орналасқан Е. Ергожин атындағы ылыми Кеңес мәжілісінің залында өтеді.

 

Zoom конференциясына қосылу

Конференция идентификаторы: 929 9981 4898

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық