Зоолог ғалымның зерттеу әлемі — КазНУ

91ý

Зоолог ғалымның зерттеу әлемі

27 апреля 2026
Зоолог ғалымның зерттеу әлемі

Қазақ ұлттық университетін тамамдап, осы қара шаңырақта ерен еңбек етіп, маңдай терін төккен ғалым­да­ры­мыз баршылық. Солар­дың бірі, биология және биотехнология факуль­тетінің Зоология, цито­логия және гистология кафедрасының қауым­дас­тырылған про­фессо­ры Надир Мамилов биыл асқаралы 60 жасқа толып отыр.

Надир Шамилұлы 1966 жы­лы Алматы қаласында дүниеге кел­ген. 1983 жылы №54 орта мектепті бітіріп, С.Киров атын­дағы Қазақ мемлекеттік уни­вер­ситетінің биология фа­куль­тетіне оқуға түседі. 1990 жылы Зоология және ихтиология ка­федрасында оқуды аяқтап, осы кафедраның аға зерт­ха­на­шысы болып жұмысқа қа­был­дан­ды. 1991-92 жылдары М.Ло­моносов атындағы Мәс­кеу мемлекеттік универ­си­те­тінде А.Белозерский атындағы Физика-химиялық инс­титуты­ның Биотехнологиялық орта­лы­ғында тағылымдамадан өт­ті. 1992-95 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің аспирантура­сын­да оқыды. 1995 жылы еңбек шежіресін ассистенттен бас­таған ұстаз-ғалым қазір уни­вер­ситеттің қауым­дас­ты­рыл­­­ған профессоры қыз­­­­метін ат­­қарады. 
Жануарлар әлемінің де сан салалары бар, соның ішінде балық шаруашылығы бойынша Надир Шамилұлының жеке өзі және бірлесіп жазған 100-ден астам ғылыми еңбектері, оның ішінде бір шетелдік және екі отандық монографиясы, төрт оқу құралы жарық көрген. Соң­ғы үш жылда 25 ғылыми жұмыс жа­рияланды, оның ішінде Scopus – 21. Хирш индексі – 8. 
Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруа­шы­лығы мамандығы бойынша 3 PhD докторанттың ғылыми же­тек­шісі. Надир Мамиловтың жетекшілігімен осы мамандық бойынша 3 кандидаттық және 3 PhD докторлық диссертация қорғалған. 
Надир Шамилұлы жан-жақ­ты ғалым. Ол Қазақстан Рес­пуб­ликасының үкіметі жанын­да­ғы «Адам және биосфера» қазақстандық комитетінің мү­шесі, Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN-IUCN) Тұщы су балықтарының әртүр­лі­лігін сақтау жөніндегі сарап­шы­сы қызметін мүлтіксіз ат­қарып жүр. Сондай-ақ 2003 жыл­дан 2017 жылға дейін «Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ» ЕМК ғылыми-зерттеу жобаларының жетек­ші­сі болды. «ЖОО-ның үздік оқы­ту­шысы – 2019» мемле­кет­тік грантының иегері.
Надир Шамилұлының ерен еңбегі үшін алған марапаты да жетерлік. Мәселен, «Балық ша­руашылығы саласындағы мін­сіз қызметі үшін» төсбелгісі мен «Ғылымды дамытуға сіңір­ген еңбегі үшін» төс­белгіле­рі­мен марапатталған. Надир Ша­милұлы 60 жас мерей­тойы­на орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» төс­бел­гі­сі­мен марапатталды. 
Ең бастысы, нағыз қара­па­йым ғалым Надир Шамилұлы алдына қойған мақсатына жете білетін, өз ісіне үлкен жауап­кер­шілікпен қарайтын білікті маман. Факультет ұжымы мен студенттер арасында сыйлы ұстаз. 


Дамира ЮСАЕВА, 
доцент міндетін атқарушы