Сoursera цифрлық платформасының маңызы — КазНУ

91ý

Сoursera цифрлық платформасының маңызы

4 мая 2026
Сoursera цифрлық платформасының маңызы

Coursera халық­ара­лық цифрлық білім беру платформасын­да­ғы онлайн курс­тар­ды оқу жүйесіне қол­дану – білім алу­шының кәсіби құзырет­тілігін дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Әлемдік деңгейдегі онлайн курстарды пәнді оқыту барысында үйлестіре білу білім алушыға алған мәлі­мет­терді жете сара­лау­ға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқу пәнімен ин­­теграцияланған әлемдік он­лайн курстарды аяқтаған­нан кейін білім алушылар мең­герген білімі мен дағ­ды­ларын растайтын халық­ара­лық сер­ти­фикаттар ала ала­ды. Оқу пә­ніне онлайн курс­тарды ин­тег­рациялау білім алушының цифрлық және кәсіби құ­зы­реттіліктерін дамытуға, оқы­ту сапасын арттыруға және білім беру процесіне инно­ва­циялық технологияларды бел­сенді енгізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Физикалық химия, катализ және мұнай­химия кафедрасында оқу пән­­деріне Coursera плат­фор­масындағы онлайн курстар­ды интеграциялау тәсілі қар­қын­ды қолданылуда. Онлайн курстарды аяқтаған білім алушылардың халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие болуы олардың болашақ кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілігін арттырып, кә­сі­би тұрғыдан қалыптасуын ны­­ғайтады. Сонымен қатар ци­фрлық білім беру плат­фор­малары теория мен прак­­ти­ка­ны тереңінен ұш­тас­тырады. 

Назым СМАҒҰЛОВА, 
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті