Сoursera цифрлық платформасының маңызы
Coursera халықаралық цифрлық білім беру платформасындағы онлайн курстарды оқу жүйесіне қолдану – білім алушының кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Әлемдік деңгейдегі онлайн курстарды пәнді оқыту барысында үйлестіре білу білім алушыға алған мәліметтерді жете саралауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқу пәнімен интеграцияланған әлемдік онлайн курстарды аяқтағаннан кейін білім алушылар меңгерген білімі мен дағдыларын растайтын халықаралық сертификаттар ала алады. Оқу пәніне онлайн курстарды интеграциялау білім алушының цифрлық және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, оқыту сапасын арттыруға және білім беру процесіне инновациялық технологияларды белсенді енгізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасында оқу пәндеріне Coursera платформасындағы онлайн курстарды интеграциялау тәсілі қарқынды қолданылуда. Онлайн курстарды аяқтаған білім алушылардың халықаралық деңгейдегі сертификаттарға ие болуы олардың болашақ кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілігін арттырып, кәсіби тұрғыдан қалыптасуын нығайтады. Сонымен қатар цифрлық білім беру платформалары теория мен практиканы тереңінен ұштастырады.
Назым СМАҒҰЛОВА,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар