Шахмат — ҚазҰУ

91ý

Шахмат

19 мамыр 2026
Шахмат

15-19.05.2026. Шахмат. Студенттер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты. Онлайн біліктілік кезеңі. 

Әлемнің түкпір-түкпірінен 57 студенттік команда қатысты.

1/16-да біздің команда Аргентина Де Ла Плата университетін жеңді. 

1/8-де біздің студенттер Far Eastern University - Manila университетін жеңіп, әлемнің үздік 8 командасына кірді. 

Енді 8 команда тамыз айында Алматыда өтетін студенттер арасындағы әлем чемпионатында кездеседі. 

57 құраманың ішінен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы 4 орынға ие болды!

Команда құрамында:

Тілеухановлан - 1 курс, Экономика және бизнес Жоғары мектебі;

Тұрсынәлі Бекарыс -2 курс, медицина және денсаулық сақтау факультеті;

Аманжол Сұлтан - 4 курс, Ақпараттық технологиялар факультеті;

Лесбекова Әсел - 2 курс, Экономика және бизнес Жоғары мектебі;

Ақпанбетова Дарина - 3 курс, физика-техникалық факультеті.

Жаттықтырушы-капитан - Серікбай Шыңғысхан, спорт клубының, СӨС орталығының оқытушысы.

Құттықтаймыз!

Спорт клубы, СӨС орталығы