Кенешева Сабина Товекелқызы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D070100 –&Բ;Биотехнология»&Բ;мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кенешева Сабина Товекелқызының «Көптеген дәріге төзімді патогенді микроорганизмдерге семиорганикалық йодтық қосылыстардың әсері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасында және «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ құрамындағы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ-да орындалды.
Қорғау формасы – мақалалар сериясы.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Алексюк Павел Геннадьевич – биология ғылымдарының кандидаты, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС молекулалық вирусология зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 03.02.02 - вирусология
2. Берилло Дмитрий Александрович – PhD, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ профессоры, су ресурстары жөніндегі ғылыми үйлестіруші (Петропавл қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 02.00.10 - Металлорганикалық химия, катализ және өсімдіктер химиясы.
ылыми жетекшілер:
1. Карпенюк Татьяна Анатольевна – биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биотехнология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
2. Рева Олег Николаевич – PhD, Претория университетінің профессоры (Претория қ., Оңтүстік Африка Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Умбаев Бауыржан Айтжанович – PhD, қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университетінің Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
2. Ратникова Ирина Александровна – биология ғылымдарының докторы, доцент, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС микробтық препараттар зертханасының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
3. Сидоренко Сергей Владимирович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясы Медициналық-биологиялық агенттігінің «Жұқпалы аурулардың федералдық ғылыми-клиникалық орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің экспериментальды микробиология және микроорганизмдердің геномикасы институтының директоры (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2026 жылғы 8 қыркүйекте сағат 15:00-де әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D060700, 8D05101 – Биология», «6D070100, 8D05105 – Биотехнология», «8D05104 – Генетика», «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтар / білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте аралас (офлайн / онлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96305739851?pwd=vUDhMUyaI300O4Smbg6b7STwOkTkWP.1
Конференция идентификаторы: 963 0573 9851
Басқа жаңалықтар