Балғынбек Имашев — ҚазҰУ

91ý

Балғынбек Имашев

4 сәуір 2024
Балғынбек Имашев

Балғынбек Имашев 1994 жылы  филология факультетінің «Әдеби аударма» бөлімін, «әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Республикалық  редактор-стилист қызметінен бастайды. 2000 жылы  қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында Филология кафедрасының оқытушысы, 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. 2006 жылы академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті қызметтерін атқарады. 2009 жылдың тамыз айынан бері «ЭРА -7 арна» ЖШС Дубляж департаментінің редакторы. Белгілі айтыс ақыны. Көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың лауреаты. «Жыр арқауы – Астана», Түркістанның 1500, Тараздың 2000, Қарасай батырдың 400, Махамбеттің 200, Дулат Бабатайұлының 200, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен айтыстардың жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен айтыстың, Астана қаласында өткен «Ел басқарар ерің кім?», Алматыда болған «Алматықұрылыстың» 50 жылдығына арналған айтыстардың Бас жүлдегері, Париж, Стамбул шаһарларында өнер көрсеткен. Қазақ тілі қоғамының «Қазақ тілі» медалімен марапатталған. Алматы облысы Кербұлақ ауданының – «Құрметті азаматы».