"Тәжірибеден жобаға" атты студенттер мен жас ғалымдардың VI Халықаралық конференциясы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2026 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында (Қазақстан) өтетін VI Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың «Тәжірибеден жобаға» атты конференциясына қатысуға шақырамыз.
Біздің жыл сайынғы конференциямыз дарынды студенттерді, жас зерттеушілер мен жаңашылдарды біріктіріп, ғылыми жетістіктерді таныстыруға, зерттеу тәжірибесімен алмасуға және идеяларды практикалық жобаларға айналдыруға мүмкіндік береді. Іс-шара ғылыми пікірталастар, ынтымақтастық және кәсіби даму үшін динамикалық академиялық алаң ұсынады.
Конференция аясында келесі секциялар жұмыс істейді:
1. Медицина және клиникалық зерттеулер;
2. Фармация және биомедициналық технологиялар;
3. Жаратылыстану ғылымдары және денсаулық сақтаудағы цифрлық шешімдер.
Қатысу түрлері:
Күндізгі қатысу – тезистерді жариялау және ауызша баяндама жасау;
Сырттай қатысу – тезистерді электрондық жинақта жариялау.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.
Секция модераторларының байланыс деректері:
1. Медицина және клиникалық зерттеулер – Тарғынова Ақбота Тарғынқызы
тел.: +77011508580, targynova.akbota@med-kaznu.com
2. Фармация және биомедициналық технологиялар – Шерелхан Динара Күмісханқызы
тел.: +77085186525, sherelkhan.dinara2@med-kaznu.com
3. Жаратылыстану ғылымдары және денсаулық сақтаудағы цифрлық шешімдер – Сырғабек Ерқанат Арқынұлы
тел.: +77781452838, syrgabek.yerkanat@med-kaznu.com
Қатысу шарттары: тезистерді жариялау және ауызша баяндама жасау тегін. Өтінімдер мен тезистерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 15 сәуірге дейін.
Өтінім беру тәртібі
Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 15 сәуірге дейін келесі қадамдарды орындау қажет:
1. арқылы тіркеу формасын толтыру.
2. қолжетімді үлгіге сәйкес рәсімделген тезистерді тіркеу.
3. қолжетімді үлгі бойынша презентация дайындау.
Баяндама ұзақтығы: 10 минутқа дейін.
Маңызды ескерту: Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Конференция аясында 1–2 курс медициналық бағыттағы студенттер арасында «CLINICAL GAMES: ӨМІР КОДЫ» атты жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада өтеді.
Олимпиада бағдарламасы келесі пәндер бойынша теориялық және практикалық дайындықты бағалауды қамтиды:
- Адамның қалыпты анатомиясы;
- Қалыпты физиология;
- Гистология;
- Практикалық дағдылар.
Қатысу шарттары: Өткізу форматы – командалық турнир. Әр университеттен 6 студенттен тұратын 2 команда қатыса алады. Қазақстан Республикасы мен шетелдік студенттер қатыса алады.
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 10 сәуірге дейін.
Тіркелу үшін қатысушылар тізімін (аты-жөні, курсы, факультеті, команда жетекшісінің байланыс деректері) келесі электрондық поштаға жіберу қажет: olympicgames@med-kaznu.com
Қабылдаушы университет тек Олимпиаданы ұйымдастыруды қамтамасыз ететінін назарға аламыз. Іс-шара бір күнге жоспарланған.
📢 Құрметті студенттер!
Сіздерді конференцияға қатысу тәртібі туралы хабардар етеміз.
Баяндамашылар үшін: Шақыру хаты тезистер Конференцияның Ұйымдастыру комитетімен мақұлданғаннан кейін жіберіледі. Ресми хабарламаны күтуіңізді және растауды алғанға дейін сөз сөйлеуді жоспарламауыңызды сұраймыз.
Өтінімдерді қарау тәртібі:
1. Белгіленген мерзімде тезистерді қабылдау
2. Секция модераторының рецензиялауы
3. Редакциялық алқаның қатысушылар мен баяндамалардың түпкілікті тізімін бекітуі
4. Қабылданған тезистердің авторларына жеке шақыру хаттарын жіберу
Шақыру хаттары тек модератор мен редакциялық алқа қабылданған жұмыстардың түпкілікті тізімін бекіткеннен кейін ғана жіберіледі. Жіберу тезисті тапсыру кезінде көрсетілген электрондық поштаға жүзеге асырылады.
Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз — рецензиялау процедурасы уақытты қажет етеді және конференцияның ғылыми бағдарламасының сапасын қамтамасыз етеді.
Құрметпен,
Конференцияның Ұйымдастыру комитеті
КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСМИ ХАБАРЛАНДЫРУ: ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАР БЕРУ ТӘРТІБІ
Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 12) — «Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілерін қамтамасыз ету» қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылатын
«Тәжірибеден жобаға» атты конференцияға қатысушылар назарына!
📌 Қатысушыларды марапаттау тәртібі:
* Қатысушы сертификаттары тек секциялық отырыстарда баяндама жасап, өз жұмысын спикер ретінде ұсынған қатысушыларға ғана беріледі.
* Секциялар нәтижесі бойынша ең үздік баяндамашыларға ғана I, II және III дәрежелі дипломдар табысталады.
* Тыңдаушылар мен ілеспе тұлғаларға сертификаттар мен марапаттар беру қарастырылмаған.
⚠️ Назар аударыңыз:
Конференцияға қатысу форматын алдын ала нақтылап, тіркелу барысында жоғарыда көрсетілген талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен,
Конференцияның Ұйымдастыру комитеті