әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында The Polaris Club (Kazakh-English Speaking Community) атты тілдік коммюнити өз жұмысын бастайды

 

The Polaris Club — бұл қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасауға бағытталған, студенттер мен қатысушылардың тілдік, мәдени және кәсіби дамуын қолдайтын ашық қауымдастық. Клуб атауы Темірқазық жұлдызынан алынған, ол ежелден бағыт-бағдар берудің символы ретінде танылған. Сол сияқты, бұл коммюнити де жастарға өз жолын табуға, дамуға және жаңа мүмкіндіктерге бағыт береді. Қатысушылардың қазақ және ағылшын тілдерін тәжірибе арқылы дамыту, еркін сөйлеу және тиімді коммуникация дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ көптілді ортада мәдениетаралық байланыс пен нетворкингті дамыту.

Негізгі мақсаттар

           қазақ және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту;

           студенттердің тілдік барьерін жою және сенімді коммуникация қалыптастыру;

           шетелдік қатысушыларды қазақ мәдениетімен, дәстүрлерімен таныстыру;

           қатысушылардың икемді  дағдыларын (лидерлік, презентация, командалық жұмыс) дамыту;

           халықаралық орта қалыптастырып, мәдени алмасуды дамыту.

 

Клуб форматы

The Polaris Club — бұл оқыту курсы емес, практикаға негізделген коммюнити. Барлық кездесулер интерактивті форматта өтеді:

           сөйлеу сессиясы және еркін пікірталастар;

           дебат және рөлдік ойын форматтары;

           кітап оқу және талқылау кездесулері;

           мәдени және халықаралық алмасу кештері.

Іс-шаралар құрылымы

Негізгі кездесулер (аптасына 1 рет): 

қатысушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған сөйлеу & талқылау форматтары.

Қосымша іс-шаралар (2–3 аптада 1 рет)

Клуб аясында негізгі кездесулерден бөлек, қатысушылардың жан-жақты дамуына бағытталған қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады:

           Дағдыларды дамыту воркшоптары (Skills Workshops):

қатысушылардың презентация жасау, лидерлік қабілеттерін және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық сабақтар.

           Жобалық зертханалар (Project Labs):

командалық жұмыс арқылы түрлі жобаларды әзірлеу, идеяларды жүзеге асыру және практикалық тәжірибе жинақтау алаңы.

           Халықаралық және мәдени алмасу кездесулері (International & Cultural Exchange):

шетелдік студенттермен танысу, мәдени тәжірибе алмасу және халықаралық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін іс-шаралар.

Ерекшелігі

           қазақ және ағылшын тілдерін қатар дамыту;

           толықтай интерактивті және практикалық формат;

           халықаралық орта және нетворкинг мүмкіндіктері;

           студенттердің жеке және кәсіби дамуына бағытталуы.

Ашылу туралы

Коммюнити ашылуы 2026 жылғы 14 сәуірде өтеді және Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай ұйымдастырылады. Іс-шара тілдер мен мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Барлық студенттер мен тіл үйренуге қызығушылығы бар қатысушыларды The Polaris Club коммюнитиіне қосылуға шақырамыз!

 

Байланыс үшін

Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы +7 707 570 3630, sarsembayeva.talshyn@gmail.com

Нұржан Айғаным +7 747 802 5526, nurzanovaajganym@gmail.com

Тіркелу: