Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05401–Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Конисбаева Куралай Талгатовнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Сингулярлы ауытқыған интегралды-дифференциалдық теңдеу үшін бастапқы секірісті шеттік есеп» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математика кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
Муратбеков Мусахан Байпакбаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры (Тараз қ., Қазақстан);
Койлышов Умбеткул Курманкулович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Математика және математикалық модельдеу институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан)..
ылыми жетекшілер:
Дауылбаев Муратхан Кудайбергенович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан);
Ахмет Марат – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Орта-Шығыс техникалық университеті (Анкара қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Станжицкий Александр Николаевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Киев қ., Украина);
Асанова Анар Тұрмағанбетқызы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты (Алматы қ., Қазақстан);
Калимбетов Бурхан Тешебаевич - физика-математика ғылымдарынын докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 21 мамырына сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060100 (8D05401) – Математика», «8D05404 - Іргелі және қолданбалы математика», «8D05405 - Есептеу ғылымдары және статистика» және «6D070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және оффлайн аралас формат түрінде өтеді.
Қорғау орны (оффлайн): механика-математика факультеті, 413 ауд.
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификатор: 999 4912 8836