Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02305 - Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Койбакова Айжан Съездовнаның «Қытай ономастикалық атауларын қазақ-латын графикасында транслитерациялаудың лингвистикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Маралбек Ермұхамет – PhD, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ахметтану бөлімінің меңгерушісі. Мамандығы: 6D021300 – Лингвистика (Алматы қ., Қазақстан);
2. Молдағали Бақытгул – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессор (доцент) м.а. Мамандығы: 6D021300 –Лингвистика (Алматы қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1.Калибекулы Толкын – Абылай хан атындағы Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ профессоры, филол. ғ.к., (Алматы қ., Қазақстан);
2.Абдулселам Арвас – PhD, Хаджеттепе университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Экиджи Метин – Эге университеті жанындағы Түрік әлемін зерттеу институтының профессоры (Измир қ., Түркия);
2. Рысқұлбек Дидар Жылқыбайқызы – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауым. проф. м.а. (Алматы қ., Қазақстан);
3. Нұриман Бекарыс – Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, қауымдастырылған профессор (доцент) (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 28 мамырында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ&Բ;«6D020900, 8D02209 – Шығыстану (тарихи және филологиялық бағыты)», «6D020700, 8D02301 – Аударма ісі (шығыс тілдері және әдебиеті)», «6D021000, 8D02305 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері және әдебиеті)» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде офлайн және онлайн түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификатор: 918 9216 9970