Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша Дүйсенбекқызы Жансаяның «Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың қазақша сөйлеуін тану әдісін зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысы қорғалады.
ылыми жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің aқпараттық жүйелер кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Салгараева Гүлназ Ибрагимқызы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Физика, математика және цифрлық технологиялар» институтының деканы (Алматы қ., Қазақстан).
2. Ергеш Бану Жантуғанқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Цифрлық даму департаменті директорының орынбасары (Астана қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1. Рахимова Диана Рамазанқызы – PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
2. Eşref Adali – профессор, Ыстамбұл техникалық университеті (Ыстамбұл қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Huang Hao – PhD, аға ғылыми қызметкер, Xinjiang University (Үрімші қ., Қытай).
2. Разахова Бибигүл Шамшанқызы – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан).
3. Батура Татьяна Викторовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А.П. Ершов атындағы СО РАН Ақпараттық жүйелер институты, зертхана меңгерушісі (Новосібір қ., Ресей).
Қорғау 2026 жылдың маусымның 12-і, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесте гибридті форматта өтеді. Қорғау келесі мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі: «6D070200 – Автоматтандыру және басқару», «8D07109 – Автоматтандыру және Internet of Things», «8D07116 – Интеллектуалды басқару жүйелері», «8D06114 – Медицина саласындағы жасанды интеллект», «6D060200/8D01502 – Информатика», «8D06102 – Компьютерлік инженерия», «8D06105 – Жүйелік инженерия», «6D070300/8D06101 – Ақпараттық жүйелер», «8D06107 – Деректер туралы ғылым», «8D06103 – Компьютерлік ғылымдар», «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 – Информатика, есептеу техникасы және басқару».
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификаторы: 925 8315 8762