Farabi University

91ý

Смайыл Мәди Бекежанұлы

17 маусым 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05301 — Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Смайыл Мәди Бекежанұлының «Газ фазасында ұшқыш ароматты көмірсутектердің фотокаталитикалық тотығуы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы — диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі — қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Абдувалов Алшын Жақсылықұлы — PhD, Интеллектуалды жүйелер мектебінің ассистент-профессоры, Astana IT University (Астана қ., Қазақстан);

2. Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы — химия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының зерттеуші-профессоры, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., Қазақстан).

ылыми жетекшілер:

1.    Сатыбалдиев Багдат Серикович — PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доцент-зерттеуші (Алматы қ., Қазақстан);

2.    Daniel D. Snow — PhD, Су орталығының зерттеуші профессоры / қызметтер директоры, Небраска университеті (Линкольн қ., АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.    Даулбаев Чингис Баянович — «Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» мамандығы бойынша PhD, профессор, Ядролық физика институтының Электрохимиялық түрлендіру және энергияны сақтау зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);

2.    Попков Вадим Игоревич — химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, жетекші ғылыми қызметкер, А.Ф. Иоффе атындағы физика-техникалық институтының зертхана меңгерушісі (Санкт-Петербург қ., РФ);

3.    Сагандыкова Гуляим — PhD, Дрезден техникалық университетінің Медицина факультеті Carl Gustav Carus жанындағы Мембраналық биохимия және липидтерді зерттеу орталығының постдокторанты (Дрезден қ., Германия).

Қорғау 2026 жылдың 17 маусымда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ D060600, 8D05301 — Химия, 6D072000, 8D07104 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 — Химиялық инженерия, 6D072100, 8D07105 — Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6D73900, 8D07101 — Мұнайхимия мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

Идентификатор: 828 8213 3252

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы