Мусайф Гауһар — ҚазҰУ

91ý

Мусайф Гауһар

29 маусым 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D07302 – Геодезия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мусайф Гауһардың «Агроөнеркәсіптік аймақтаға жерді пайдалануды жіктелуден кейінгі талдауы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «Жер ресурстары және сәулет» институтында орындалды.

Қорғау формасы – мақалалар сериясы.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер: 

1.  Нурпеисова Маржан Байсановна – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының профессоры. Мамандығы: «05.15.01 - Маркшейдерия» (Алматы қ., Қазақстан);

2.  Шоганбекова Дания Асыгатовна – PhD, Халықаралық білім беру корпорациясы Инженерия мектебінің қауымдастырылған профессоры, Ионосфера институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: «6D071100 - Геодезия»  (Алматы қ., Қазақстан).

ылыми жетекшілер:

1.  Әліпбеки Оңғарбек Әліпбекұлы – биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті картография және геоинформатика кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2.  Толеубекова Жанат Зекеновна – техника ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «Жер ресурстары және сәулет» институтының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан);

3. Арту Эллманн – техника ғылымидарының докторы, Таллин техникалық университетінің профессоры (Таллин, Эстония).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.  Низаметдинов Фарит Камалович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан);

2.  Касымканова Хайни-Камаль Михайловна – техника ғылымдарының докторы,  Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

3.  Анненков Андрей Александрович – техника ғылымдарының докторы, Киев ұлттық құрылыс және сәулет университетінің инженерлік геодезия кафедрасының профессоры (Киев қ., Украина).

Қорғау 2026 жылдың 29 маусым күні сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503 - География», «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D05204 – Метеорология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.

Zoom конференциясына қосылу: 

 

Конференция идентификаторы: 969 0799 0541

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы