Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04101 – Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Чжай Сюаньның ұсынылған «Current state and prospects for cooperation between Kazakhstan and China in the gas industry» («Қазақстан мен Қытайдың газ саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы») тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – ағылшын тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Арупов Акимжан Арупович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университеті Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан);
2. Салықова Лейла Нұртілеуқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, Astana IT University Креативті индустриялар мектебінің профессоры (Астана қ., Қазақстан).
ылыми жетекшілер:
1. Жұман Жаппар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА құрметті академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
2.Дун Сючэн – PhD, Халықаралық бизнес және экономика университетінің профессоры (Пекин қ., Қытай Халық Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Қалиева Сәуле Ауғанбайқызы – экономика ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкер, ҚР ҰҚМ ҒК институтының әлеуметтік саясат және адами капитал бөлімінің басшысы (Алматы қ., Қазақстан);
2. Цунъюй Чжао – Ph.D докторы, Бейжің орман шаруашылығы университеті Экономика және менеджмент мектебінің қауымдастырылған профессоры (Қытай Халық Республикасы);
3. Масакова Салтанат Сейлхановна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу жөніндегі деканның орынбасары, Алматы менеджмент университеті ALMAU (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың 26 маусымында сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020200, 8D03105 – Халықаралық қатынастар», «6D050500, 8D03106 - Аймақтану», «6D051300, 8D04101 – Әлемдік экономика» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (офлайн/онлайн) түрде өтеді.
Форматы: гибридті (офлайн/онлайн).
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификатор:&Բ;955 2061 9493