Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша Сарсенбаева Асияның «Қазақстан Республикасының заңнамасы саласындағы мемлекеттік тілге арналған семантикалық тәсілдер негізінде модельдерді зерттеу және интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысы қорғалады.
ылыми жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің aқпараттық жүйелер кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
Омарбекова Асель Сайлаубековна – PhD, Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан.
Садирмекова Жанна Бакирбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Astana IT University, Астана, Қазақстан.
ылыми жетекшілер:
Рахимова Диана Рамазановна – PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Eşref Adali – профессор, Ыстамбұл техникалық университеті (Ыстамбұл қ., Түркия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Abdurakhmonova Nilufar – Профессор, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті (Ташкент, Өзбекстан).
Барахнин Владимир Борисович – т.ғ.д., доцент, Ақпараттық және есептеу технологиялары федералдық зерттеу орталығы (Новосибирск қ., Ресей).
Ниязова Розамгуль Сериковна – Техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана, Қазақстан).
Қорғау 2026 жылдың маусымның 26-сы, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесте гибридті форматта өтеді. Қорғау келесі мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі: «6D070200 – Автоматтандыру және басқару», «8D07109 – Автоматтандыру және Internet of Things», «8D07116 – Интеллектуалды басқару жүйелері», «8D06114 – Медицина саласындағы жасанды интеллект», «6D060200/8D01502 – Информатика», «8D06102 – Компьютерлік инженерия», «8D06105 – Жүйелік инженерия», «6D070300/8D06101 – Ақпараттық жүйелер», «8D06107 – Деректер туралы ғылым», «8D06103 – Компьютерлік ғылымдар», «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 – Информатика, есептеу техникасы және басқару».
Zoom конференциясына қосылу:
Идентификаторы: 846 8119 7954