Ақпарат және коммуникациялар департаменті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаменті жоғары оқу орнының қызметін насихаттауға арналған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етеді.
Басқарма Төрағасы – Ректордың қатысуымен өтетін іс-шараларды және шетелдік сапарларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Басқарма Төрағасы – Ректордың БАҚ өкілдерімен кездесулерін, баспасөз конференцияларын, сұхбаттары мен брифингтерін ұйымдастырады.
Басқарма Төрағасы – Ректордың және оның қатысуымен өтетін іс-шаралардың кәсіби және сапалы фото және бейнетүсірілімдерін әзірлейді.
Университеттің ресми веб-сайтына ақпараттық материалдарды дайындайды, редакциялайды, орналастырады.
Сонымен қатар университет жетістіктерін, ғалымдардың инновациялық жобаларын көпшілікке таныстырады.
Департамент құрамында төрт басқарма, бір сектор бар.
1. Баспасөз қызметі басқармасы университет өмірінен www.FarabiUniversity.kz сайтында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат таратып, жоғары деңгейдегі іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шараларға аккредиттелген журналистердің жұмысын үйлестіреді.
«Farabi media» ютуб-каналына контент әзірлейді. БАҚ өкілдерінің ресми сауалдарына жауап береді.
Басқарма құрамындағы Ақпарат және мониторинг секторы БАҚ-қа күнделікті мониторинг жүргізіп, ҚазҰУ-дың сарапшы-ғалымдары мен спикерлерінің әртүрлі телебағдарламаларға қатысуын жүзеге асырады. Медиакеңістікте қоғамның теріс пікіріне әкелетін ақпарат анықталған жағдайда бірінші басшыға уақытында баяндайды.
2. FARABI MEDIA басқармасы
Шығармашылық телестудия іс-шараларды кәсіби және сапалы фото-бейнетүсірілімдермен қамтамасыз етіп, хроникалық сюжеттер, деректі фильмдер мен арнаулы бағдарламаларды дайындайды.
Атап айтқанда: «Ойталқы», «ҚазҰУ-дың инновациялық жобалары», «Көшбасшылық дәрістер», шетелдік профессорлар мен оқытушы-профессорлар құрамының дәрістері, «Аптаның айшықты оқиғалары» және басқа бағдарламалар.
3. Farabi University сайт басқармасы
Басқарма білім ордасының Farabi University ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді орналастырады. Оқытушы-профессорлар құрамы ұсынған ақпараттарды өңдеп, БАҚ-ты ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді.
2023 жылы университет сайтын ақпараттық Smart-платформаға айналдыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жаңа сайт-платформаның басты артықшылықтары:
– Оқу ақысын онлайн төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
– Білім бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін фильтр жұмыс істейді.
– Бастапқы бетте университеттің негізгі көрсеткіштері автоматты түрде жаңартылып отырады.
– Онлайн-сервистер қатары енгізілді.
– Сайт кескіні мен модульдері заманауи дизайнмен әрленді.
4. «QAZAQ UNIVERSITETI» газеті
«Qazaq universiteti» – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың төл басылымы. Апталық 1948 жылдың 20 сәуірінен шыға бастады. Басылым 2022 жылдың қаңтар айынан республикалық мәртебеге ие болды. Тиражы – 2000 дана. Газеттен салиқалы сұхбаттарды оқып, студенттерге арналған беттер және ғылыми мақалалармен танысуға болады.
Газеттің негізгі бағыты – оқырмандарды елдегі және университеттегі айтулы жаңалықтармен таныстыру. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. «Qazaq universiteti» газеті 2022 жылдың қаңтар айынан республика көлемінде таратылады. Газетке Halyk bank QR қосымшасы арқылы жазылуға мүмкіндік бар.
Байланыс
|
1 |
Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры |
Байдәулет Қаншайым Мәуленқызы |
87473129095 |
Kanshaiym.Baidauletova@kaznu.kz |
|
2 |
Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары |
Исаділов Алмат Мұратұлы |
87014249558 87774973197 |
|
|
3 |
«Qazaq universiteti» газеті басқармасының басшысы |
Тажиева Гүлнар Жұмабайқызы |
3227 87772440449 |
Gulnar.Tazhiyeva@kaznu.kz |
|
4 |
Farabi University сайт басқармасының басшысы |
Дүйсенова Кәмила |
3286 |
|
|
5 |
Баспасөз қызметі басқармасының басшысы |
Жексенбаев Нұрсұлтан Базарбайұлы |
3286 87789593397 |
Nursultan.Zheksenbayev@kaznu.kz |
|
6 |
Ақпараттық жұмыс және мониторинг секторының жетекшісі |
Баяндина Гүл Құттыбекқызы |
11-94 |
Gul.Bayandina@kaznu.kz |
|
7 |
Farabi Media басқармасының басшысы |
Құрманбеков Бақыт Әмірбекұлы |
16-40, +7 702 348 4945 |