Академиялық мәселелер жөніндегі департамент
Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент оқу процесін жоспарлауды, ұйымдастыруды және жетілдіруді, мамандарды даярлау сапасына мониторингті қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Университеттің білім беру қызметін дамытудың стратегиялық басымдықтарын айқындау және білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын қамтамасыз ету.
- Білім беру процесін жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
- Университеттің академиялық саясатын әзірлеу және іске асыру бойынша факультеттер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру.
- Университеттің білім беру бағдарламаларының портфолиосын қалыптастыру және оларды үнемі жаңартып отыру.
- Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес микроквалификация бағдарламаларын және қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу.
- Отандық және шетелдік әріптестермен бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіру.
- Стейкхолдерлердің білім беру бағдарламаларын жобалау мен сараптауға және олардың сапасын бағалауға қатысуын қамтамасыз ету.
- Деректерді талдау негізінде білім беру сапасын бақылауды, болжауды және басқаруды қоса алғанда, білім беру аналитикасы жүйесін дамыту.
- Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруды және заманауи білім беру технологияларын енгізуді қоса алғанда, кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және дамытуға қатысу.
- Пәндерді оқыту мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерін әзірлеу.
- Білім алушылар контингентін қалыптастыру процесін үйлестіру және кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру.
- Кәсіптік практикаларды, тағылымдамаларды ұйымдастыру және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оның ішінде мансаптық кеңесті дамыту бойынша факультеттердің қызметін үйлестіру.
- Академиялық қызмет мәселелері бойынша алқалы органдардың, комиссиялардың және факультеттердің авторлық ұжымдардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; университеттің республикалық деңгейдегі алқалы органдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен және өзге де ұйымдармен өзара байланысын ұстанымын ұсыну.
- Білім беру процесін ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптарды анықтау.
- Оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында білім беру процесіне академиялық және цифрлық инновацияларды ұйымдастыру және енгізу.
- Құжат айналымы және деректерді талдау негізінде білім алушылар контингентінің қозғалысын есепке алу және мониторинг жүргізу.
- Білім алушыларды білім беру процесіне тарту, оқуға қабылдау және бағдарлау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- Республикалық оқу-әдістемелік кеңес деңгейінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік мәселелер бойынша консультативтік-кеңес қызметін ұйымдастыру.
Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жарғысын, Болон процесінің принциптері мен кредиттік оқыту технологиясының ережелерін басшылыққа алады.
▶ Білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету басқармасы
Басқарма жүзеге асырады:
- деректерге негізделген білім беру сапасын мониторингілеу, болжау және басқару үшін білім беру аналитикасын дамыту және енгізу;
- университеттің қашықтан, ашық және онлайн білім беру жүйесін дамытуын қоса алғанда, академиялық және цифрлық инновацияларды білім беру үдерісіне енгізуді ұйымдастыру;
- білім беру бағдарламаларын іске асыру сапасына кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ абитуриенттер, білім алушылар, түлектер және профессорлық‑оқытушылық құрамның сапасын бағалау;
- оқыту және үйрету сапасы жөніндегі академиялық комитеттердің жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және әдістемелік жетекшілік ету, пәндердің мазмұнын талдау, оқу‑әдістемелік құжаттардың сапасын тексеру және емтихан тапсырмаларының сапасына аудит жүргізу;
- университеттің ашық, қашықтан және онлайн білім беру жүйесіне әдістемелік, технологиялық, ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсету;
- білім алушылар мен қызметкерлердің тестілеулерін мониторингілеу, сондай‑ақ сыртқы білім беру іс‑шаралары мен реттеуші тесттерді үйлестіру.
Басқарма құрамына екі кеңсе кіреді:
➤ Академиялық талдау және білім сапасын бақылау кеңсесі
- білім беру сапасын мониторингілеу, болжау және басқару үшін бірыңғай білім беру аналитикасы жүйесін дамыту;
- абитуриенттер, білім алушылар, түлектер және ПОҚ контингентінің сапасын бағалау және жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- білім беру бағдарламаларының сапасына кешенді талдау жүргізу;
- оқыту және үйрету сапасы жөніндегі академиялық комитеттерге әдістемелік қолдау;
- білім алушылар мен қызметкерлердің тестілеулерін, сыртқы білім беру және регуляторлық іс‑шараларды мониторингілеу.
➤ Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесі
- ашық және қашықтан оқыту саласында университеттің білім беру қызметін дамытудың басым бағыттарын айқындау;
- білім беру үдерісіне академиялық және цифрлық инновацияларды ұйымдастыру және енгізу;
- университеттің онлайн және қашықтан оқыту платформаларын дамыту;
- академиялық және цифрлық инновацияларды енгізуге байланысты сыртқы ұйымдарға ақылы негізде консультациялық, оқу және өзге де қызметтер көрсету.
▶ Білім беру үдерісін жоспарлау және сүйемелдеу басқармасы
Басқарма жүзеге асырады:
- университеттің білім беру үдерісін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
- факультеттердің оқу қызметін жоспарлау және үйлестіру;
- білім алушылар контингентін қалыптастыру және қозғалысын басқару;
- оқуға қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау науқанын сүйемелдеу.
Басқарма құрамына үш кеңсе кіреді:
➤ Оқуға қабылдау кеңсесі
- университет факультеттеріндегі кәсіби бағдар беру жұмысын үйлестіру және бақылау;
- абитуриенттерді тарту, оларды білім беру бағдарламаларын таңдауда консультативтік қолдау және бағдарлау;
- бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдау және өңдеу;
- қабылдау науқанының ақпараттық сүйемелденуі және абитуриенттер мен ата‑аналарды консультативтік қолдау;
- қабылдау науқаны нәтижелері бойынша құжат айналымын, есептілік пен талдауды қамтамасыз ету;
- оқуға қабылдау процесінде ақпараттық жүйелермен және цифрлық сервистермен жұмыс істеу.
➤ Студент кеңсесі
- білім алушылар контингентінің есебі мен құжаттамалық қамтамасыз етілуі: оқу кезеңдеріне қатысты материалдарды (білім алушылардың жеке істері) қалыптастыру және сақтау;
- белгіленген нысандар бойынша (3‑НК, 1‑НК) білім алушылардың статистикалық есебі;
- оқытудың барлық түрлері мен нысандары бойынша бұйрықтарды рәсімдеу (өңдеу, ауыстыру, қалпына келтіру, академиялық демалыс, білім беру/ғылыми шетелдік іссапарлар);
- мұрағаттық анықтамалар мен диплом дубликаттарын дайындау;
- білім алушылардың жеке құрамына қатысты бұйрықтарды тіркеу және тарату.
➤ Білім беру үдерісін ұйымдастыру кеңсесі
- заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін білім беру үдерісін жоспарлау қағидаттарын ұйымдастыру және үйлестіру;
- университеттің академиялық саясатын әзірлеу және іске асыру бойынша факультеттер мен кафедралардың қызметін үйлестіру;
- жоспарлау құжаттамасын әзірлеу және бекіту: академиялық күнтізбе, жұмыс пен педагогикалық жүктемені есептеу нормативтері, педагогикалық жүктемені есептеу деректері (контингент), білім беру қызметтерін көрсету шарттары және қорытынды бақылауды өткізу қағидалары;
- педагогикалық жүктеме сағаттарын есептеу және профессорлық‑оқытушылық құрамның штат саны туралы бұйрықты бекіту;
- оқу жүктемесінің тең бөлінуі мен орындалуына мониторинг жүргізу, ПОҚ‑тың жеке жоспарларын келісу;
- оқитындардың аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелерін бақылау және талдау.
▶ Құзыреттілік орталығы
Құзыреттілік орталығы жүзеге асырады:
- ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша ұйымдастырушылық‑әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу;
- білім беру және ғылыми қызметтердің ықтимал тапсырыс берушілерімен өзара іс‑қимыл тетіктерін енгізу;
- еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандарды қайта даярлау;
- кәсіби біліктіліктер саласында кәсіпорындар және кәсіби қауымдастықтармен ынтымақтастық.
Құзыреттілік орталығының құрамына екі кеңсе кіреді:
➤ Білім беру бағдарламаларын жобалау кеңсесі
- университеттегі барлық білім беру деңгейлері бойынша жаңа және қолданыстағы білім беру бағдарламалары мен микробіліктілік бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту жөнінде факультеттердің академиялық комитеттерінің қызметін үйлестіру;
- барлық деңгейдегі білім беру бағдарламалары мен микробіліктілік бағдарламаларын әзірлеу, қайта қарау және өзектендіру процесін ұйымдастыру және кафедраларға консультациялық‑әдістемелік қолдау көрсету;
- қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- ББ мен микробіліктілік бағдарламаларын әзірлеу және өзектендіру мәселелері бойынша ПОҚ үшін оқыту семинарлары, вебинарлар, тренингтер өткізу;
- университеттің ғылыми‑әдістемелік кеңесін құжаттамалық сүйемелдеу;
- университеттің жыл сайынғы Сараптамалық стратегиялық сессиясын ұйымдастыру және өткізу;
- білім беру бағдарламалары мен микробіліктілік бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету.
➤ Кәсіби даму және мансап кеңсесі
- карьералық іс‑шараларды (вакансия жәрмеңкелері, мастер‑кластар, тренингтер, компания презентациялары, тағылымдамалар) ұйымдастыру;
- практикалар базасын, жұмыс берушілер және вакансиялар дерекқорын қалыптастыру және жаңарту;
- жұмыс берушілермен, мемлекеттік құрылымдармен, кәсіби қауымдастықтармен серіктестік байланыстарды дамыту;
- мансапты жоспарлау, сұхбатқа дайындалу және т.б. бойынша консультациялық қызметтер көрсету.
▶ Шаруашылық есеп орталықтары
- еңбек нарығының сұраныстары мен тыңдаушылардың талаптарына сәйкес келетін заманауи білім беру курстары мен тренингтерін әзірлеу және енгізу;
- заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін пайдалана отырып, тәжірибеге бағытталған курстар мен семинарларды ұйымдастыру;
- сертификаттау бағдарламалары мен модульдерін жүргізу арқылы тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
- тыңдаушылардың білім беру қажеттіліктерін мониторингілеу және заманауи үрдістерді ескере отырып бағдарламаларды жедел жаңарту;
- өзекті білім мен дағдыларды ұсыну арқылы тыңдаушылардың кәсіби дамуы мен мансаптық өсуіне көмектесу;
- оқыту процесінде кеңес беру қызметін және жеке қолдауды ұйымдастыру;
- білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін студенттермен кері байланыс пен қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
▶ Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты
- кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру, даярлау және қайта даярлау саласында оқу, ғылыми, аттестаттау, аккредиттеу, өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, азаматтардың әртүрлi санаттарына және жақын және алыс шетелдердегi бiлiм беру қызметiнiң басқа да субъектiлерiне қосымша бiлiм беру қызметтерiн көрсету болып табылады;
- мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыру;
- қосымша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру;
- біліктілікті арттыру бағдарламаларын жүргізу.
Academic policy
Политика по обеспечению качества
Политика оценивания результатов обучения
АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ КеАҚ-да БББ әзірлеу және өзектендіру
Выписка из протокола заседания №1 Ученого совета от 6.09.2024 г. об утверждении Положения о дуальном обучении
Положение о разработке и актуализации ОП КазНУ имени аль-Фараби 2025 г.
Формальді және формальді емес білім берудің оқыту нәтижелерін, кәсіптік біліктілікті тану тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
ПОӘК әзірлеу мен ресімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Қорытынды бақылау ережелері
Положение о конкурсе "Лучший преподаватель КазНУ имени аль-Фараби"
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Үздік оқытушысы" байқауы туралы ереже
Байланыс
| Академиялық мәселелер департаментінің директоры | Рахимбекова Бакыт Куанышбековна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.1230) |
| Білім беру үдерісін жоспарлау және сүйемелдеу басқармасының басшысы | Асылбеков Ерасыл Айдарович | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.1195) |
| Студент кеңсесінің жетекшісі | Айтбаева Маржан Кенесовна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.1440) |
| Оқуға қабылдау кеңсесінің жетекшісі | Жумалипов Айдар Рахметович | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.3366) |
| Білім беру үдерісін ұйымдастыру кеңсесінің жетекшісі | Кожабергенова Жазира Бекеновна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.1802) |
| Білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету басқармасының басшысы | Мусинова Асель Ахметовна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.3123) |
| Академиялық талдау және білім сапасын бақылау кеңсесінің жетекшісі | Ботаева Асем Турисбековна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.1336) |
| Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің жетекшісі | Круговых Илья Игоревич | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.3124) |
| Құзыреттілік орталығының директоры | Амирбекова Гулмира Есенбековна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.1232) |
| Білім беру бағдарламаларын жобалау кеңсесінің жетекшісі | Сулейменова Гульмира Султановна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.3163) |
| Кәсіби даму және мансап кеңсесінің жетекшісі | Аязбаева Асем Мухтаровна | +7 (727) 377‑33‑30 (ішкі.1151) |
| Біліктілікті арттыру институтының директоры | Нәлібаева Саракүл Машбекқызы | +7 (727) 377‑33‑33 (ішкі.1461) |