Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаменті университет әлемдік деңгейдегі халықаралық имиджін көтеруді қамтамасыз етеді.
Департамент құрамында екі кеңсе, бір орталық бар.
1.Жаһандық серіктестік кеңсесі келесі қызметтерді атқарады:
-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен шетелдік университеттер, халықаралық ұйымдар, бірлестіктер, шет мемлекеттердің елшіліктері және консулдықтары, халықаралық қорлар, министрліктер және ведомстволар арасындағы ынтымақтастық орнату;
-университеттің халықаралық жобалары/бағдарламалары аясында шетелдік серіктестермен іскерлік келіссөздер жүргізу;
-жаһандық ұйымдардың делегацияларын қабылдауды ұйымдастыру (бағдарламалары мен құжаттарын дайындау);
-университеттің факультеттері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық ынтымақтастық пен сыртқы байланыстарды ұйымдастыру бойынша жұмысын үйлестіру;
-халықаралық ұйымдар шеңберінде ғылыми жобаларды және/немесе гранттарды бірлесіп іске асыру бойынша серіктес ЖОО-мен ынтымақтастықты дамыту саласындағы факультеттердің қызметін үйлестіру.
2.Халықаралық мобильділік және бағдарламалар кеңсесі төмендегідей қызметтерді атқарады:
-университет ұжымы мен студенттерінің халықаралық білім беру гранттарына, бағдарламалары мен жобаларына қатысуын қамтамасыз ету (Erasmus+, Newton al-Farabi, Fulbright, DAAD);
-академиялық ұтқырлық шеңберінде әртүрлі іс-шаралар (инфосессиялар, жазғы мектептер, көрмелерге қатысу және т.б.) арқылы шетелдік контингенттің үлесін арттыру бойынша жұмыс жүргізу;
-академиялық ұтқырлық негізінде университетімізге оқуға келген шетелдік студенттердің құжаттарын рәсімдеу;
-шетелдік университеттермен, орталықтармен, қорлармен, қауымдастықтармен халықаралық гранттық бағдарламалар шеңберінде жобалық шарттарды, келісімдерді дайындау;
-халықаралық және ғылыми жобаларға қатысу үшін университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін көбірек тартуды ұйымдастыру.
3.Визалық қолдау орталығы университетке келетін шетелдік азаматтарға арналған келесідей қызметтер көрсетеді:
-университетте ғылыми тағылымдамадан өтуге, лекция жүргізу немесе академиялық ұтқырлық аясында білім алу мақсатында келетін студенттер, профессорлар, ғылыми қызметкерлер мен шетелдік делегация мүшелеріне визалық қолдау және тіркеу қызметтерін көрсету.