әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң клиникасы студенттерінің кәсіби танысу сапары — ҚазҰУ

91ý

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң клиникасы студенттерінің кәсіби танысу сапары

27 қараша 2025
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің заң клиникасы студенттерінің кәсіби танысу сапары

      2025 жылғы 27 қараша күні ҚазҰУ-дің студенттік заң клиникасының студенттері Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне барып, мекеменің қызметімен танысып қайтты. 
       Іс-шара барысында студенттер экономикалық қылмыстардың алдын алу, тергеу жүргізу тәртібі және департаменттің күнделікті жұмысы туралы жан-жақты мәлімет алды.
       Бұл кездесу болашақ заңгерлердің кәсіби тәжірибесін кеңейтіп, құқық қорғау органдарының нақты жұмыс үдерістерін терең түсінуге мүмкіндік береді.