Құқықтық кеңес — ҚазҰУ

91ý

Құқықтық кеңес

26 сәуір 2026
Құқықтық кеңес

   2026 жылдың 26 сәуірі күні  студенттік заң клиникасы аясында техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан жоғалған жер учаскесінің құқықтық мәртебесіне қатысты, сондай-ақ жер учаскесіне құқықтарды қалпына келтіру және өтемақы алу мәселелері бойынша құқықтық кеңес кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры Айгаринова Г.Т. тарапынан өткізілді.

    Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:

* саяжай серіктестіктерінде жер учаскелерін беру құқықтық негіздері;
* жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері;
* мемлекеттік ақпараттық жүйелерде жер учаскесі туралы мәліметтердің болмауының құқықтық салдары;
* жоғалған жер учаскесіне құқықтарды қалпына келтіру тетіктері;
* төтенше жағдай салдарынан мүлікті жоғалтуға байланысты өтемақы алу немесе тең құнды жер учаскесін беру тәртібі.

   Кеңес нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгіну, құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру, сондай-ақ сот тәртібімен құқықтарды қорғау мүмкіндігі туралы ұсынымдар берілді.